"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жасыл отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасыл ауылының негізгі мектебінің бойынша 2021-2022 оқу жылының 1 жартыжылдықтың қортындысы

Жалпы мектептік ата---аналар жиналысы

Жасыл ауылының негізгі мектебінің  бойынша  2021-2022 оқу жылының 1 жартыжылдықтың қортындысы

Жалпы ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер білім беру қызметіне  жаңаша  қарауды, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытудағы, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. ҚР Білім заңы мен ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп келе жатқан Жасыл ауылының негізгі орта мектебі 2021-2022 оқу жылы «Сапалы  оқыту мен тәрбиелеу арқылы қазіргі қоғам талабына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында жұмысын жалғастырды. 2021-2022 оқу жылының басында  мектепте –39 оқушы,   2 тоқсаның аяғында   – 38 оқушы: Бастауыш буында – 18 оқушы , негізгі буында – 20 оқушы және даярлық тобында 4 оқушы  .Мектептің жалпы білім беру жүйесінде күндізгі оқыту түрінде 3 бастауыш, 3 негізгі сыныбы, даярлық тобы және шағын орталығы оқып жатыр . Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда сынып-комплектісінің саны өзгеріссіз, ал бала саны  азайды . Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сабақ кестесі негізінен санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастырылды. 

Сыныптар бойынша оқушылардың білім сапасы:

Сыныптар

1

2

3

4

Барл.

 1-4

5

6

7

8

9

Барл. 5-9

Қорыт

Оқушылар саны

3

4

4

8

20/4

4

3

6

0

7

20

38/4

Үздіктер

 

1

 

1

2

1

1

1

0

0

 3

5

Оқу екпінділер

 

      2

2

3

7

    1

1

3

0

3

     8

15

Сапасы %

100/

100

100

75%

 

100%

67%

   100

50

100

50

100

100

100

75%

 100

67

 0

100%

42,6%

100

55

100

52,6%

 

 Жасыл ауылының негізгі мектебінің 2022-2023 оқу жылының

1 жартыжылдықтың  үздік оқушыларының тізімі

Оқушылардың аты-тегі

сынып

жынысы

1

Иманжанова Айзере

2

қыз

2

Иманжанова Рауана

3

қыз

3

Молдахмет Еркежан

5

қыз

4

Жанатова Саягуль

6

қыз

5

Амандық Қайсар

6

Ұл

 

 

Жасыл ауылының негізгі мектебінің 2022-2023 оқу жылының

1   жартыжылдықтың екпінді оқушыларының тізімі

 

Оқушылардың аты-тегі

сынып

жынысы

1

Жанат Аблай

2

қыз

2

Ташенова Ханшайым

2

қыз

3

Жамбыл Нурислам

3

ұл

4

Қайрэден Мирас

3

ұл

5

Сабит Сабина

4

қыз

6

Уалихан Абулхаир

4

ұл

7

Қайэрден Ерден 

4

ұл

8

Уалихан Айқын

5

ұл

9

Төлеубай Сүнқар

6

қыз

10

Амандыкова  Амаль

7

қыз

11

Шаймерденова Жанель

7

қыз

12

Құралбек Гульназ 

7

қыз

13

Амирханов Диас

9

ұл

14

Иманжанов Тамерлан

9

ұл

15

Қазбек Аяулым

9

қыз

 

 

Білім беру мазмұнын жаңарту -  оқу жоспарының вариативтік бөлігі арқылы іске асырылып жатыр. Мектепте мұғалімдердің педагогтік шеберліктерін жетілдіруге, оқу үдерісін өткізіп және қамтамасыз етуге барлық  жағдайлар жасалған, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға қажетті резервтер бар. Мектеп қызметінің оқу–тәрбиелік үдерістің негізгі мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым өз қызметтерін нормативтік құжаттардың талаптарына сай жүргізіп, сонымен қатар мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Мектеп мемлекеттік тілде білім беретін мекеме болғандықтан оқу-тәрбие жұмысы мен іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғарғы ұйымдарға есептер мен мәліметтер қазақ тілінде тапсырылады.  Мектеп қызметкерлерінің, басқа азаматтардың, ата-аналардың, оқушылардың т.б. өтініштері ана тілдерінде жазылып, жазылған тілде қабылданады.

Кадрлық әлует сараптамасы

          Мектепте 17  мұғалім қызмет атқарды, 14 - жоғары білімді, яғни, 76,9% (орынша), 3– орта арнаулы білімді, бәрі мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мектеп ұстаздарының , 2 (20%) бірінші санатты, 1 (10%) екінші санатты,  3 (14)% санаты жоқ ұстаздар. Сонымен қатар, бүгінгі күнде , 5 ұстаз «педагог-сарапшы», 1 ұстаз «педагог-зерттеуші» , 4 ұстаз « педагог-модератор» атақтарына ие.

Педагогикалық кадрлардың аттестациясы Білім және ғылым министрлігінің «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау Ережелері» №16 және 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрықтарына сәйкес өткізілді. Аттестаттауға дайындық барысында мұғалімдердің шығармашылық есептері әдістемелік бірлестік отырыстарында шыңдалады.

               Кадрлармен жұмыс жасау мәселесі әкімшіліктің бақылауында. Әкімшілік өз қызметі барысында кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста. Ұжымдағы моральдік–психологиялық жағдай қанағаттанарлық          

Негізгі құрылым ретінде пән мұғалімдердің әдістемелік жұмысының ұйымдастыруын ашатын әдістемелік бірлестігі болып табылады.

Мектепте 3 әдістемелік бірлестік бар. Олардың міндеттері:

  • ӘБ оқу жоспарын мектептің ағымдағы оқу жылы жоспарына сәйкестендіре құрып,бекіту.
  • Әр пән бойынша құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспары мен авторлық бағдарламаларға экспертиза жүргізу.
  • Оқу тоқсанында бір рет ӘБ отырыстарын өткізу.
  • ӘБ жоспарына сәйкес жұмыс атқару.
  • Әдістемелік апталықтар, ашық сабақтар мен талдауларын ұсыну.
  • Мұғалімнің өзіндік білім көтеруіне жағдай жасау.

Әдістемелік бірлестіктер мына бағытта жұмыс жасайды:

  1.  

2. Мұғалімнің жұмыс жоспарының жүйесін зерттеу (сабақ сапасы, сабаққа қойылатын заманауи талаптардың орындалуы, әдістемелік құралдарды тиімді пайдалануы).

3.Оқу-тәрбие саласына шығармашыл, жаңашыл әдістемелерді жеке, ұжымдық қолдануды жоспарлау.

4.Мұғалімдердің мәселелі тәжірибелерін зерттеу және оларды шығармашыл түрде іске асыру.

5.Мәселелі қиын сұрақтар бойынша оқытушылар мен оқушыларға көмек көрсету.

6.Бастауыш сынып мұғалімдерімен сабақтастық байланыс орнату.

  1.  

8. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда АКТ қолдану.

  1.  

10. Өзіндік білім көтеру бойынша мұғалімдерді бақылау және көмектесу (мұғалімдердің шығармашылық есептері, әдістемелік баспаларға шолу, әдістемелік-нұсқау хатпен таныстыру)

11.Оқу кабинеттерін қажетті әдістемелік-дидактикалық материалмен толықтыру.

   Әрбір мектептің әдістемелік бірлестігі мектептің тақырыбымен байланысты өз тақырыбы бойынша жұмыс атқарады:

1.Қоғамдық-гуманитарлық бағытының ӘБ–« Жаңа  технологияларды пайдалану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген  қызығушылықтарын арттыру »  

2. Бастауыш сыныптардың ӘБ –«Жаңа педагогикалық технология арқылы білім сапасын және оқушылардың тәрбиесін көтеру»

3.Жаратылыстану – математикалық бағытының « Жаңы технология әдістерін қолдана отырып математика – жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқушы біліктілігін дамыту  »

   Мектепте деңгейлік курстан өткен ұстаздардан және тренерлерден құрылған шығармашылық топ жұмыс жасайды. Олар шағын топтарда коучингтер, ұжыммен семинарлар өткізіп, ашық сабақтар көрсетті.

Топтың құрамы

1. Амержанова Ж.Б 

2. Каренкина Д.С

3. Ахметова С.А.

Топ жетекшісі екінші  (ілгері) деңгейі бағдарламасынан өткен мұғалім Амержанова Ж.Б . «Рефлексия в практике» атты мектептің тренерлер курсынан өтіп, мұғалімдерге коучинг, тренерлік түрінде білімімен бөлісіп жатыр. Әрбір бейсенбі - күні  сабақ үнемі өткізіледі.

Сонымен қатар, 1-9-сыныптарда электрондық журнал толтыру, БЖБ, ТЖБ ұйымдастырып өткізу бойынша және жас мамандарға қажетті әдістемелік көмек көрсетіліп отырды.               

   Пән апталықтары:

Пәндер

мерзімі

деңгейі

1

Бастауыш сыныптар

қазан

мектеп

2

ОГЦ әдестімелік бірлестікт

қантар

 

3

ЕМЦ әдістемелік бірлестік

ақпан

4

Сынып жетекшілері

сәуір

     

            Дәстүрлі болып кеткен «Бір ел - бір кітап» акциясы да өтті. Мектеп кітапханашылары Бекенова Б   ұйымдастыруымен оқушылар Әбділда Тәжібаев пен Әбіш Кекілбаевтің өмірі мен шығармашылық жолымен танысты. Тіл туралы Заңды іске асыру бағытында жоспар бойынша жұмыс атқарылды. Мектепішілік жоспарға сай бастауыш сынып пәндер апталығы да өтті. Әр мұғалім өз сыныптарында сыныптан тыс шаралар,қызықты  ойын, викториналар, ашық сабақтар  өткізді,

Республикалық «Ақбота», « Кенгуру», « Самурық»  интеллектуалдық марафонында, мұғалімдер арасынан Амержанова Ж.Б қатысты , оқушылар арасынан  « Кенгуру» сайысында 4 сынып оқушысы Иманжанова Рауана , 3 сынып оқушылары –Иманжанова Айзере, Ташенова Ханшайым, 1 сынып оқушылары Қайролла Улан, Мейірбек Раяна , Қайэрден  Аружан қатысты. Қатысқан оқушылар   жүлдегер орын атанды.  « Самрұқ» атты математика пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысып Иманжанова А 2 сынып , 3 сыныптан Жамбул Нурислам. Оразалина Нурай , Кайрэден Мирас сертификатарға ие болды. Аудандық олимпиадаға 5-6 сынып арасында 2 оқушы қатысты  олар 5 сынып оқушысы Молдахмет Еркежан  орыс тілінен – 2 орынға ие болды, Жанатова Саягуль  Қазақстан тарихынан қатысты . Қазіргі танда  аудандық олимпиадаға дайындық жұмыстарын жалғасытырып жатырмыз. Жоспар бойынша 9 сыныптан -3 оқушы қатысады, 7 сыныптан -4 оқушы қатысады  және бастауыш сынып оқушылар қатысады .  Мектеп мұғалімдері  қәзіргі таңда пәндік олимпиадаларға, интеллектуалдық сайыстарға, ғылыми жобалар конкурстарына оқушыларды сапалы дайындап, нәтижелілігін арттыру жұмыстарын нығайтып жүр .       

Материалдық жағдайлар  оқу процесіне ақпарат, технология, оның ішінде қазіргі заман мектеп білім беруді енгізу ықпал етеді. Бүгінгі күні тиімді жағдайлар жасалған, мұғалімдерге кеңінен қолдануға 1 интерактивті тақта пайдаланылатын барлық пәндер бойынша ақпараттық материалдар жиынтығы, пайдалануға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Интернетке қатынау, жергілікті компьютерлік желі 1 компьютерлік сынып кабинеттермен толық пайдаланылатын 13 компьютер бар Бесінші жыл мектеп электрондық оқыту жүйесін енгізу жөніндегі жобасына қатысады. Ағымдағы оқу жылында, белсенді цифрлық білім беру ресурстарын оқыту процесінде дамыту және пайдалану бойынша жұмыс жүргізілуде. Kundelik.kz жүйесі жұмыс істеуде. Мұғалімдер Bilimland.kz, т.б. сайттардың мүмкіндіктерін өз жұмыстарында пайдалануда.

        Мектепте мұғалімдерді аттестаттау жұмысы жоспарлы түрде жүргізіледі, педагог қызметкерлерді аттестаттаудың перспективті жоспары бар. Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары, біліктілік санатын беру немесе біліктіліктің тиісті деңгейін растау туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы нөмірленген, бауланған, мектеп директорының мөрімен бекітілген журналда жүргізіледі. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жоспарға сәйкес - «Өрлеу», ЦПМ жанынан құрылған орталықтарда өз білімдерін жетілдіреді.Амержанов Б.Ж – әкімшілік тарапынан,  Ахметов А.И химия пәніне, Мухамбеталина Г.К география пәнінен, Каренкина Д.С – бастауыш сынып мұғалімі бойынша, Темиров А.С – дене шыңықтыру пәнінен курстар өтті

         Мұғалімдер өздерінің іс - тәжірибелерімен бөлісу мақсатында оқулар мен конференцияларға қатысып, мақалаларын республикалық журналға  баспа беттерінде жариялап отырады .  Курмангалиева Г.Ж  - « Шағын жинақталған мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» атты мақаланы республикалық журнал « Білім әлеміне»  ұсынды, Рахимжанова Ш.Р                        « Тағылым» атты республикалық журналға « Балабақша – бала тәрбиесіндегі ең алғашқы  баспалдақ» атты мақаланы жазды , Каренкина Д,С  және Тайшабаева З.А  « Бастауыш мектеп» атты республикалық журналына « Адамның дене мүшелері», « Мәтін және оның түрлері»  атты сабақ жоспарларын ұсынды.     

         Сонымен қатар біздін ұстаздарымыз аудандық жарыстарға  белсене қатысады. « Ең үздік авторлық бағдарлама» облыс сайысына және аудандық  «Ең үздік бастауыш мұғалімі» қатысқан мұғалім Амержанова Ж.Б  және мектеп психологы Ахметова С.А  « Үздік психолог»  аудандық сайысқа қатысып 3 орынға ие болды.  Курмангалиева Г.Ж , Молдахметова К.Б « lessonstadu»  оқуларына қатысып  халықаралық  « Өрлеу» журналынан  дипломдарға ие болды. 
 Ахметов А.И   химия және биология пәнінен аудандық семинарға қатысып           « Сабақты тиімді жоспарлау , оқушыларды  сапалы оқытудың кепілі» өз тәжірибесімен аудан мұғалімдер арасында бөлісті. 

 Күн сайын оқу сабақтарына қатысуға бақылау жасалады, мектепте балалардың болмау себептері анықталады.

Өмірде қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерге көмек көрсету мақсатында психологтар, сынып жетекшілері оқушыларға және ата-аналарға арналған ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар, жеке түзету сабақтары, әңгімелесулер, кеңестер, тренингтер өткізді.Мектепте телефон және СЕНІМ поштасы жұмыс істейді. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте мұғалімдердің кезекшілігі ұйымдастырылды, бейнебақылау камералары орнатылды,  мектепте бейтаныс адамдармен, жүріс бөлігінде және т.б. қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жаднамалар әзірленді.Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сәйкес кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністердің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2021  жылдан бастап мектепте  суицидтердің алдын алу бойынша жоба іске асырылуда, психологтер жергілікті жерлерде жұмыс жүргізуде: педагогтарды оқыту, кәмелетке толмағандар арасында қауіп тобын анықтау және қажетті көмек көрсету үшін балаларды жалпы практика дәрігеріне бағыттау.                                                                                                                                          Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпақ­қа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Ұлттық тәрбие қазiр елiмiзде орын алып отырған көптеген мәселелердi: ана тiлiн, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрiн бiлмейтiн жастар, тастанды жетiм балалар, «қиын» балалар, қарт­тар үйлерiндегi әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негiзгi жолы. Бұның бәрін біз «Мәңгілік ел» идеясы арқылы оқушылардың бойына дарытамыз.

Отбасы тәрбиесі бойынша мектебімізде жыл бойы әртүрлі тақырыптарда мектепішілік, сыныпішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп отырды. Әр жиналыста оқушылардың тәртіптері мен қауіпсіздіктері тақырыбына көп назар аударылды.  Жыл бойы ата-аналар іс-шараларға қатыстырылып отырды.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша қарттар күні қарсаңында мектеп оқушылары ардагерлердің үйлерін аралап, көмек көрсетті, құттықтады.

             Жалпы рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Жыл бойы бұл бағытта жұмыстар атқарылды.

Көркем-эстетикалық  тәрбие бағыты бойынша Мұғалімдер күні мен Қарттар күніне арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты концерттік бағдарлама, Күзгі бал  « Қөш келдлің Алтын күз», қазіргі таңда Жаңа жылдық ертеңгіліктеріне дайындық өткізіп жатрмыз. Жоспар бойынша  25 қазан Республика күніне орай  мерекелік іс – шаралар өтті , 16 желтоқсан күніне орай « Желтоқсан желі ызғарлы» атты салтанатты жиынымызды өткіздік , сонымен қатар арнайы тақырыптық сынып сағаттар өтілуде. Мысалы « Сыбайлас жемқорлық- қоғамның өзекті мәселесі»  5-9 сыныптармен тарих мұғалімі Мухамбеталина Г.К өткізді.  Қараша айында « Қаттыгездік және зорлық – зомбылықсыз  бақытты балалық шақ»  атты сынып сағаттары өтті. Мусина А.А  « Қылмыстық  құқық  бұзушылық»  атты 5-9 сынып арасында ұлдармен  сынып сағатын өткізді . « Тәулсіздік бәрінен қымбат» атты сынып сағаттары өтті.Мектеп – психологы Ахметова С.А  « Жыныстық тиіспеушіліктің алын алу» тақырыбында 5-9 сынып қыздарымен мектепшілік іс – шара өткізді

Жаңартылған күні: 11.01.2023 15:10
Құрылған күні: 11.01.2023 15:10

Текст