« Жасыл ауылының НОМ» КММ
Бекітемін мектеп директоры
Б.Амержанов
« _____ »________2025 ж
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыруға арналған
Жасыл ауылының негізі орта мектебінің
«ЖАЗ - 2025»
БАҒДАРЛАМАСЫ
«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңы
Бағдарлама мазмұны.
Түсінік хат.
Балалардың бос уақытының үлкен орның алатын, демалыс, сондықтан демалыстар олар үшін денсаулықты нығайту, шығармашылығын дамыту, жеке қабілеттерін дамыту білім алушылық құндылықтарымен әлеуметтік мәдениетке кіріктіру, әлеуметттік қатынастарға кіру, өз жоспарларын жүзеге асыру жеке бас қызығушылықтарын қанағаттандыру, көңіл көтеру, іс тандауда бостандық болып табылады. «Балдырған» Жасыл ауылының негізгі мектеп балалары үшін білім беру жұмысында тәрбиеленушілердін жеке тұлғасын әр жақты дамыту аймағында логикалық жалғасу ретінде құрылған.
Өз бағыты бойынша мектеп қызықты және тартымды ететін кешенді бағдарлама өз алдына бір-бірін толықтыратын бірнеше мақсат қояды: әр түрлі бағытталған сауықтыруды біріктіреді, сауықтыру лагері жағдайында демалу мен тәрбиелеуді ұйымдастырады. Өз ұзақтығы бойынша бағдарлама қысқа мерзімді болып келеді, ауысым – 12 күннің ішінде жүзеге асады.Тәрбиелеушілер балаларды тәрбиелеуде келесі негізгі ойлар мен принциптерді басшылықққа алады:
Бағдарлама кіші және орта буын балаларына жасалынған , яғни 6- 12 жас аралығы.Қатысушылардың негізгілері болып Жасыл ауылының мектеп оқушылары болып табылады. Отрядтарды топтастыру кезінде балалардың қызығушылығы мен олардың әрі қарай тану қызметін жалғастыруға деген қызығушылығы ескеріледі. Алаңды қаржыландыру ата – аналардың төленген ақшаларынан жүзеге асырылады.
Балалар сауықтыру алаңының жұмысы негізінен тәлімгерлер мен тірбиешілерден қалыптасады.
Жазғы ауысымды өткізу қажеттігі келесі жайлардан туындап отыр:
Бағдарлама балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды.
Мекеме мекен-жайы: Жасыл ауылының НМ школьная 8 көшесі
Телефон 8( 716-36) 94-3-31
Бағдарламаны жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру мен демалдыру, шығармашылық алаңдар.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 02.06.2025– 30.06.2025
Бағдарламаны жасау үшін негіз:
-Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы;
– 2002 жылдың 8 тамызынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы
– Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің «2011-2015 жылдары жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және демалуын ұйымдастыру туралы» жарлығы;
Жазғы алаңдарды ұйымдастырылу құрылымы.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
Бағдарламаның мақсаты — педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым- қатынасы. Оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Әркім өз денсаулығына түсінушілікпен қарауы және оларды табиғат сақтау іс- әрекетіне тарту үшін дене сауықтыру жүйесін жасау. Баланың тұлғасын дамыту, дене, психикалық және эмоционалдық денсаулығын бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4. Жазғы сауықтыру алаңының күндіз болу кезіндегі әлеуметтік- психологиялық ахуалын жақсарту;
5. Балалар арасындағы теріс әлеуметтік жайлардың өсу қарқынын төмендету;құқық бұзушылықтың бодырмауы.
6. Компьютермен жұмыс жасауда алғашқы практикалық дағдыларын, , ой-өрісін дамыту.
7.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
Алдыда қойылған мақсаттарға байланысты келесі тапсырмалар туындайды:
Бағдарламаның жұмыс жасау бағыты.
Бағдарлама жұмыстың негізгі алты бағытынан тұрады:
Бағдарламаның даму шарттары.
Бағдарламаның жақсы дамуы үшін белгілі бір ресурстармен қамтаммасыз етілуі қажет.
Жазғы сауықтыру алаңының жұмысы барысында оқушылардың өзін – өзі басқару сыныбы, акт залы, спорттық алаң, сонымен қатар:
Жабдықтар:
Спорттық жабдықтар:
Дамыту ойындары:
Үстел ойындары:
Бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі – дәрмектер жиынтығы.
Тұрмыстық жабдықтар:
үстелдер мен орындықтардың керекті мөлшердегі саны. Оқу – әдістемелік қамтаммасыз етілуі. Балаларды тәрбиелеу мен балалардың жазғы демалысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттін болуы.
Алаң бағдарламасының нәтижелілігн бағалау барысында келесі әдістемелік диагностикалық жұмыстар жүргізіледі:
Бағдарламаның жүзеге асу кезеңдері.
1- кезең: ұйымдастыру-дайындық
( 15 мамырдан - 1 маусымға дейін)
№ |
Іс мазмұны |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
Жазғы демалысты ұйымдастыруға дайындық туралы пед кеңес |
23 мамыр |
ТІЖ директордың орынбасары |
2 |
1-9 - сынып бойынша ата-аналар жиналыстары |
25 мамырға дейін |
Сынып жетекшілері |
3 |
Оқушылардың жазғы демалысы туралы алдын-ала ақпарат жинау |
25 мамырға дейін |
Сынып жетекшілері |
4 |
оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мен сауықтыру туралы есеп |
25 мамырға дейін |
сынып жетекшілері |
5 |
Алаң басшысы, алаңдар жетекшілері, тәрбиеші болуға үміткер кандидаттармен әңгіме өткізу |
29 мамырға дейін |
ТЖ директордың орынбасары |
6 |
Алаң орналастыру үшін жайларды дайындау: ■ спорт залы ■ кабинеттер |
1 маусымға дейін |
ӘШБ директордың орынбасары |
7 |
Дайындау: Ойын құралдарын ■ спорт құралдарын ■ канцеляр тауарларын ■ музыкалық аппаратураны |
1 маусымға дейін |
Тәрбиешілер, музыка жетекшісі, дене шынықтыру жетекшісі |
2- кезең: жарнама – ақпарат
( 1 мамырдан 31 мамырға дейін)
№ |
Іс мазмұны |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
«Жақында жаз!» оқушылар арасында жарнама акциясы |
1 мамырдан |
Алаңдардың жетекшілері |
2 |
Мектептен тыс мекемелермен бірлескен жұмысты ұйымдастыру: |
1 маусымға дейін |
Алаң басшысы |
3 |
Көгаландыру топтардың жұмыс кестесін құрастыру |
19 мамырға дейін |
Сынып жетекшілері, биология мұғалімдері, әкімшілік |
4 |
Алаңда тегін және ақылы қатысатын балалар тізімін анықтау |
19 мамырға дейін |
Алаңдардың жетекшілері |
5 |
ҚТ, ЖЖЕ, ӨҚЕ ережелері, суда өзін ұстау ережелері бойынша 1-9- сынып оқушыларымен нұсқама өткізу |
23 мамыр |
Сынып жетекшілері |
6 |
Мектеп қарамағындағы алаңдардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасау |
29 мамырға дейін |
Алаңдардың жетекшілері |
7 |
Жазғы кезеңде қараусыздықтың және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ҚІІБ мен мектептің бірлескен жұмысы: ■ алдын алу есебінде тұрған оқушылардың жазғы еңбегінің ұйымдастырылуын бақылау; ■ рейдтер; ■ пәтерлерге бару. |
Маусым- тамыз |
ТІЖ директордың орынбасары |
3 -кезең: рефлексия
№ |
Іс-әрекет мазмұны |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
Жазғы сауықтыру маусымын өткізу талдауы |
Тамыз белгілеу педкеңесінде |
ТІЖ директордың орынбасары |
2 |
Байқаулар: ■ 5-8-сыныптар «Мен жазды қалай өткіздім» әңгімелері. ■ 2-4- сыныптар «Көңілді каникулдар» суреттер |
Қыркүйек |
Тіл мамандары Бастауыш сынып мұғалімдері |
3 |
Жазғы кезеңде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ҚІІБ –мен бірлескен жұмыс талдауы |
қыркүйек . Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі |
Әлеуметтік педагог |
Мектеп алды жазғы «Балдырған» бастауыш сыныптарға арналған алаңының бағдарламасы
Мақсаты:
«Балдырған» алаңына келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
– Алаңға балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
– Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
– Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
– Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
– Алаң жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
– Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
– Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Мектеп алды жазғы «Балдырған» алаңының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Ата-аналар (заңды өкілдері) өтініші бойынша жазғы кезеңде балаларды күндізгі уақытта қабылдайтын мектеп жанындағы алаң құрылады.
1.2. Алаң қызметі мекеме Жарғысымен, білім алушылардың тәртіп Ережесімен, осы Ережемен регламенттенеді.
2. Қызметтің мазмұны және ұйымдастырылуы
2.1.Мектеп жанындағы алаң мекеме бойынша бұйрық негізінде ашылады және 1-4 сынып оқушыларынан толымдалады.
2.2. Алаңда санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер, техника қауіпсіздік ережесі қатал сақталады.
2.3. Алаң жұмыс мазмұнының жоспары демократия және гуманизм қағидалары, дербестік және ынтаны дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша құрылады.
3. Кадрлармен қамтамасыз ету
3.1. Мекеменің бұйрығы бойынша мекеменің педагогикалық қызметкерлер арасынан алаң бастығы, оның орынбасары, тәрбиешілер, музыка жетекшісі, спорт-сауықтыру жұмысының жетекшісі тағайындалады.
3.2. Алаң бастығы алаң жұмысын басқарады, балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті алады, құжаттарды жүргізеді.
3.3. Алаң бастығының орынбасары тәрбие жұмысын ұйымдастырады, спорт және мәдени-ағартушылық мекемелермен байланысты жүзеге асырыды.
3.4. Тәрбиешілер, музыка қызметкері және спорт-сауықтыру жетекшісі алаң жоспары бойынша тәрбие жұмысын жүзеге асырады, іс-шаралар өткізеді, күн тәртібін, тәртіп қауіпсіздік ережесі, өрт қауіпсіздік ережелері сақталуын қадағалайды.
4. Балалардың өмірі және денсаулығын қорғау
4.1. Алаң бастығына, тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, спорт-сауықтыру жұмысы бойынша жетекшіге балалардың лагерьде болған уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жүктеледі.
4.2. Алаңда қызмет жасайтын педагогикалық қызметкерлер және балалар тәртіпті, күн тәртібін, тәрбие жұмысының жоспарын, техника қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздік ережелерін қатал түрде сақтаулары қажет.
4.3. Алаң бастығы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар қызметкерлерге, ал тәрбиешілер – балаларға өткізеді, нұсқаудан өткендер қол қояды.
4.4. Тамақтану нормалары негізінде тамақтануды ұйымдастырады. Алаңның жұмыс істеу уақытына, мекеме директорымен бекітілген тамақтану сапасының жауапкершілігі сарапшы комиссиясына жүктеледі.
4.5. Саяхаттар мен экскурсиялар білім беру мекеменің директорының сәйкес нұсқауы негізінде ұйымдастырылады.
5. Қаржымен қамсыздандыру
Алаң қала бюджетінің қаражатынан, әлеуметтік сақтандыру Қорынан, ата-аналар қаражатынан қамтамасыз етіледі. Алаңды қамтамасыз ету үшін демеуші қаражаты қатыстырылуы мүмкін.
Бағдарламаның тиімділігі бақылау, сауалнама өткізу нәтижелері бойынша бағаланады.
Кадрлармен қамтамасыз ету
Күнделікті тәртібі (жалпы)
уақыты |
Іс-әрекеттері |
10.00 – 10. 15. |
«Таңғы шенбер» балаларды қабылдау, күн тәртібен таныстыру |
10.15 – 10.30. |
«Денсаулық –зор байлық »таңертенгі жаттығу |
10.30 – 11.00 |
Сауықтыру, «Шын жүректен» (балаларға арналған психологиялық ойындар мен тренингтер) |
11.00-12.00 |
Үйірмелер, серуендер, |
12.30.-13.00 |
«Көгілдір экран» |
13.00 |
Үйге қайту |