« Жасыл ауылының НОМ» КММ
Бекітемін мектеп директоры
Б.Амержанов
« _____ »________2023 ж
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыруға арналған
Жасыл ауылының негізі орта мектебінің
«ЖАЗ - 2023»
БАҒДАРЛАМАСЫ
«Балдырған» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңы
Бағдарлама мазмұны.
Түсінік хат.
Жазғы лагерді ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері.
Бағдарламаны жүзеге асыру мазмұны мен формалары.
Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары.
Бағдарламаның тиімділік критерийі.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер.
Жүзеге асыру тәжірибесінің барлығы.
Болжалды жұмыс жоспары.
Түсінік хат.
Балалардың бос уақытының үлкен орның алатын, демалыс, сондықтан демалыстар олар үшін денсаулықты нығайту, шығармашылығын дамыту, жеке қабілеттерін дамыту білім алушылық құндылықтарымен әлеуметтік мәдениетке кіріктіру, әлеуметттік қатынастарға кіру, өз жоспарларын жүзеге асыру жеке бас қызығушылықтарын қанағаттандыру, көңіл көтеру, іс тандауда бостандық болып табылады. «Балдырған» Жасыл ауылының негізгі мектеп балалары үшін білім беру жұмысында тәрбиеленушілердін жеке тұлғасын әр жақты дамыту аймағында логикалық жалғасу ретінде құрылған.
Өз бағыты бойынша мектеп қызықты және тартымды ететін кешенді бағдарлама өз алдына бір-бірін толықтыратын бірнеше мақсат қояды: әр түрлі бағытталған сауықтыруды біріктіреді, сауықтыру лагері жағдайында демалу мен тәрбиелеуді ұйымдастырады. Өз ұзақтығы бойынша бағдарлама қысқа мерзімді болып келеді, ауысым – 12 күннің ішінде жүзеге асады.Тәрбиелеушілер балаларды тәрбиелеуде келесі негізгі ойлар мен принциптерді басшылықққа алады:
Сауықтыру;
Барынша табиғи жағдайларды қолдана отырып балаларға қызықты да толық демалыс ұйымдастырады;
Қамқорлық пен көңіл бөлу, сүйіспеншілік пен шыдамдылық, балаларды түсінуге деген талпыныс;
Қызығушылық принципі – оқушылар зерікпеу үшін және іспен айналысуы қажет;
Назар аудару – балалармен жұмыс істеу уақытында олардың тілектерін орындауға тырысу;
Өзімен өзі болу – өздігімен істей алатын істерді , өздері атқару.
Қамқорлық қатынаста қарау – баланы тындай білу, балады үлкен адамды көру, балаға көмек беру және шынайылық білдіру;
Бағдарлама кіші және орта буын балаларына жасалынған , яғни 6- 12 жас аралығы.Қатысушылардың негізгілері болып Жасыл ауылының мектеп оқушылары болып табылады. Отрядтарды топтастыру кезінде балалардың қызығушылығы мен олардың әрі қарай тану қызметін жалғастыруға деген қызығушылығы ескеріледі. Алаңды қаржыландыру ата – аналардың төленген ақшаларынан жүзеге асырылады.
Балалар сауықтыру алаңының жұмысы негізінен тәлімгерлер мен тірбиешілерден қалыптасады.
Жазғы ауысымды өткізу қажеттігі келесі жайлардан туындап отыр:
Жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру;
Құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
Балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі;
Оқушылардың денсаулығын бекіту.
Бағдарлама балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды.
Мекеме мекен-жайы: Жасыл ауылының НМ школьная 8 көшесі
Телефон 8( 716-36) 94-3-31
Бағдарламаны жүзеге асыру формасы: мектеп қарамағындағы балаларды сауықтыру мен демалдыру, шығармашылық алаңдар.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 05.06.2023– 30.06.2023
Бағдарламаны жасау үшін негіз:
-Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы;
– 2002 жылдың 8 тамызынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы
– Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің «2011-2015 жылдары жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және демалуын ұйымдастыру туралы» жарлығы;
Жазғы алаңдарды ұйымдастырылу құрылымы.
Алаңның ұйымдастырылуы мен жұмысы жүзеге асырылады:
«Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен 2003 жылғы 25 шілдедегі № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу № 2475
«Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және сату мерзіміне қойылатын талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасының Мемлекттік санитарлық Бас дәрігерінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 30қыркүйекте тіркелді. Тіркеу № 1989.
«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюлетені» , 2002 ж. №41-42 724 құжат.
Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы.Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 4 қараша № 1168.
Жазғы сауықтыру лагері үшін өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша жадынама.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
Бағдарламаның мақсаты — педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамдастығы, оқушылар, мектептен тыс ұйымдардың өзара қарым- қатынасы. Оқушылардың жазғы демалысын өткізуі үшін қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Әркім өз денсаулығына түсінушілікпен қарауы және оларды табиғат сақтау іс- әрекетіне тарту үшін дене сауықтыру жүйесін жасау. Баланың тұлғасын дамыту, дене, психикалық және эмоционалдық денсаулығын бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:
Әрбір баланы салауатты өмір салтын таңдауға саналы түрде таңдауға тарту;
балаларды сауықтыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
оларды спорт жұмысына және мәдени- бұқаралық жұмыстарға тарту жолымен балаларды зияткерлік, денелік дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
ойындық сюжет арқылы баланың зияткерлік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, қозғалыс белсенділігін кеңейту;
практикалық іс- әрекет, қоршаған ортаны тану, бағдар таба алу үшін қажетті шығармашылық ойлау, азаматтық және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
аз қаржыланған отбасы балаларына жалпыға міндетті оқу қорынан материалдық көмек көрсету (мектеп қарамағындағы және қала сыртындағы лагерьлерге тегін жолдама түрінде).
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4. Жазғы сауықтыру алаңының күндіз болу кезіндегі әлеуметтік- психологиялық ахуалын жақсарту;
5. Балалар арасындағы теріс әлеуметтік жайлардың өсу қарқынын төмендету;құқық бұзушылықтың бодырмауы.
6. Компьютермен жұмыс жасауда алғашқы практикалық дағдыларын, , ой-өрісін дамыту.
7.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
Алдыда қойылған мақсаттарға байланысты келесі тапсырмалар туындайды:
Салауатты өмір салтың ұстану қажеттілігін қалыптастыру.
Денсаулықты сақтауға және нығайтуға атсалысу.
Танымдылықты кеңейтуге үлес қосу.
Еңбекқорлық, экологиялық, әдеби – эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.
Туған жерінің тарихын, мәдени, рухани, еңбекқорлық дәстүрлерін танып білуге көмек беру, сонымен қатар көпұлтты ұлттар арсында жақсы қарым – қатынаста өмір сүруге тәрбиелеу.Балаларды Отаның таным білуге жақындастыру.
Балалық өзін – өзі басқару қасиетін қалыптастыруға атсалысу.
Бағдарламаның жұмыс жасау бағыты.
Бағдарлама жұмыстың негізгі алты бағытынан тұрады:
Еңбек қызметі.
Танымдылық қызмет.
Экологиялық қызмет.
Спорттық – сауықтыру қызметі.
Әдеби – эстетикалық қызмет.
Ұлттық – отансүйгіштік қызмет.
Бағдарламаның даму шарттары.
Бағдарламаның жақсы дамуы үшін белгілі бір ресурстармен қамтаммасыз етілуі қажет.
Нормативті – құқықтық қамтаммасыз етілуі.
Кадрлық қамтаммасыз етілуі.
Алаң басшысы алаңның жұмысын жоспарлап, бақылайды.
Оқытушылар (2 адам) тәрбиешілер секілді балалар топтарын басқарады.
Тамақблоктарының қызметкерлері: Аспазшы және АХЧ бойынша директордың орынбасары.
Материалдық – техникалық қамтаммасыз етілуі.
Жазғы сауықтыру алаңының жұмысы барысында оқушылардың өзін – өзі басқару сыныбы, акт залы, спорттық алаң, сонымен қатар:
Киім ілу бөлмесі;
әжетхана;
Спорттық зал,
Кітапхана;
Асхана;
Жабдықтар:
Теледидар;
DVD;
Компъютер;
Музыкалық орталық;
Спорттық жабдықтар:
Екі баскетбол добы;
Футбол добы;
Волейбол добы;
Әр түрлі көлемдегі резина добтары;
Скакалкілер;
Гимнастикалық обручтер;
Дамыту ойындары:
Шашки;
Шахматтар;
Құрылыс конструкторлары;
Тоғыз құмалақ.
Үстел ойындары:
Лото.
Бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі – дәрмектер жиынтығы.
Тұрмыстық жабдықтар:
үстелдер мен орындықтардың керекті мөлшердегі саны. Оқу – әдістемелік қамтаммасыз етілуі. Балаларды тәрбиелеу мен балалардың жазғы демалысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттін болуы.
Күн тәртібі.
Күнтізбелік жоспар.
Алаң бағдарламасының нәтижелілігн бағалау барысында келесі әдістемелік диагностикалық жұмыстар жүргізіледі:
Түрлі түсті диагностика түрі;
Анкеталық;
«Сенім білдіру қорабы»
Бағдарламаның жүзеге асу кезеңдері.
Дайындық кезеңі мыналарды қамтиды:
кадрларды тандап алу;
отрядтарды қалыптастыру, құжаттарды рәсімдеу;
материалдық – техникалық қамтаммасыз етуді дайындау.
Ұйымдастыру кезеңі мыналарды қамтиды:
Тапсырмалар: (Ұйымдастыру кезеңінде балалар мен оқытушыларға мыналарды жасау қажет):
Табиғи – климаттық жағдайларға үйренісу;
Бір бірімен танысу;
Алаңдағы басқа да адамдармен танысу, алаңның өзімен ондағы жағдайлармен танысу.
Жалпыға бірдей нормалар мен талаптарды қабылдау;
Ұжымдық қызметтін бірлескен түріне негіз салу;
Өзін – өзі басқару шағын топтарын құру.
Ұжымдық – шығармашылық істер;
Музыкалық сағат;
«Футбол без границ» – доппен ойнау.
1- кезең: ұйымдастыру-дайындық
( 15 мамырдан - 1 маусымға дейін)
№
Іс мазмұны
Мерзімі
Жауаптылар
1
Жазғы демалысты ұйымдастыруға дайындық туралы пед кеңес
19 мамыр
ТІЖ директордың орынбасары
2
1-9 - сынып бойынша ата-аналар жиналыстары
31 мамырға дейін
Сынып жетекшілері
3
Оқушылардың жазғы демалысы туралы алдын-ала ақпарат жинау
25 мамырға дейін
Сынып жетекшілері
4
оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мен сауықтыру туралы есеп
25 мамырға дейін
сынып жетекшілері
5
Алаң басшысы, алаңдар жетекшілері, тәрбиеші болуға үміткер кандидаттармен әңгіме өткізу
25мамырға дейін
ТЖ директордың орынбасары
6
Асхананы дайындау
1маусымға дейін
ӘШБ директордың орынбасары
7
Алаң орналастыру үшін жайларды дайындау: ■ спорт залы ■ кабинеттер
1 маусымға дейін
ӘШБ директордың орынбасары
8
Дайындау: Ойын құралдарын ■ спорт құралдарын ■ канцеляр тауарларын ■ музыкалық аппаратураны
5 маусымға дейін
Тәрбиешілер, музыка жетекшісі, дене шынықтыру жетекшісі
2- кезең: жарнама – ақпарат
( 1 мамырдан 31 мамырға дейін)
№
Іс мазмұны
Мерзімі
Жауаптылар
1
«Жақында жаз!» оқушылар арасында жарнама акциясы
1 мамырдан
Алаңдардың жетекшілері
2
Мектептен тыс мекемелермен бірлескен жұмысты ұйымдастыру:
1 маусымға дейін
Алаң басшысы
3
Көгаландыру топтардың жұмыс кестесін құрастыру
19 мамырға дейін
Сынып жетекшілері, биология мұғалімдері, әкімшілік
4
Алаңда тегін және ақылы қатысатын балалар тізімін анықтау
19 мамырға дейін
Алаңдардың жетекшілері
5
ҚТ, ЖЖЕ, ӨҚЕ ережелері, суда өзін ұстау ережелері бойынша 1-9- сынып оқушыларымен нұсқама өткізу
15 мамыр
Сынып жетекшілері
6
Мектеп қарамағындағы алаңдардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасау
31 мамырға дейін
Алаңдардың жетекшілері
7
Жазғы кезеңде қараусыздықтың және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ҚІІБ мен мектептің бірлескен жұмысы: ■ алдын алу есебінде тұрған оқушылардың жазғы еңбегінің ұйымдастырылуын бақылау; ■ рейдтер; ■ пәтерлерге бару.
Маусым- тамыз
ТІЖ директордың орынбасары
3 -кезең: рефлексия
№
Іс-әрекет мазмұны
Мерзімі
Жауаптылар
1
Жазғы сауықтыру маусымын өткізу талдауы
Тамыз белгілеу педкеңесінде
ТІЖ директордың орынбасары
2
Байқаулар: ■ 5-8-сыныптар «Мен жазды қалай өткіздім» әңгімелері. ■ 2-4- сыныптар «Көңілді каникулдар» суреттер
Қыркүйек
Тіл мамандары Бастауыш сынып мұғалімдері
3
Жазғы кезеңде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ҚІІБ –мен бірлескен жұмыс талдауы
қыркүйек . Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі
Әлеуметтік педагог
Мектеп алды жазғы «Балдырған» бастауыш сыныптарға арналған алаңының бағдарламасы
Мақсаты:
«Балдырған» алаңына келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
– Алаңға балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
– Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
– Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
– Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
– Алаң жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
– Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
– Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Мектеп алды жазғы «Балдырған» алаңының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Ата-аналар (заңды өкілдері) өтініші бойынша жазғы кезеңде балаларды күндізгі уақытта қабылдайтын мектеп жанындағы алаң құрылады.
1.2. Алаң қызметі мекеме Жарғысымен, білім алушылардың тәртіп Ережесімен, осы Ережемен регламенттенеді.
2. Қызметтің мазмұны және ұйымдастырылуы
2.1.Мектеп жанындағы алаң мекеме бойынша бұйрық негізінде ашылады және 1-4 сынып оқушыларынан толымдалады.
2.2. Алаңда санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер, техника қауіпсіздік ережесі қатал сақталады.
2.3. Алаң жұмыс мазмұнының жоспары демократия және гуманизм қағидалары, дербестік және ынтаны дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша құрылады.
3. Кадрлармен қамтамасыз ету
3.1. Мекеменің бұйрығы бойынша мекеменің педагогикалық қызметкерлер арасынан алаң бастығы, оның орынбасары, тәрбиешілер, музыка жетекшісі, спорт-сауықтыру жұмысының жетекшісі тағайындалады.
3.2. Алаң бастығы алаң жұмысын басқарады, балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті алады, құжаттарды жүргізеді.
3.3. Алаң бастығының орынбасары тәрбие жұмысын ұйымдастырады, спорт және мәдени-ағартушылық мекемелермен байланысты жүзеге асырыды.
3.4. Тәрбиешілер, музыка қызметкері және спорт-сауықтыру жетекшісі алаң жоспары бойынша тәрбие жұмысын жүзеге асырады, іс-шаралар өткізеді, күн тәртібін, тәртіп қауіпсіздік ережесі, өрт қауіпсіздік ережелері сақталуын қадағалайды.
4. Балалардың өмірі және денсаулығын қорғау
4.1. Алаң бастығына, тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, спорт-сауықтыру жұмысы бойынша жетекшіге балалардың лагерьде болған уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жүктеледі.
4.2. Алаңда қызмет жасайтын педагогикалық қызметкерлер және балалар тәртіпті, күн тәртібін, тәрбие жұмысының жоспарын, техника қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздік ережелерін қатал түрде сақтаулары қажет.
4.3. Алаң бастығы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар қызметкерлерге, ал тәрбиешілер – балаларға өткізеді, нұсқаудан өткендер қол қояды.
4.4. Тамақтану нормалары негізінде тамақтануды ұйымдастырады. Алаңның жұмыс істеу уақытына, мекеме директорымен бекітілген тамақтану сапасының жауапкершілігі сарапшы комиссиясына жүктеледі.
4.5. Саяхаттар мен экскурсиялар білім беру мекеменің директорының сәйкес нұсқауы негізінде ұйымдастырылады.
5. Қаржымен қамсыздандыру
Алаң қала бюджетінің қаражатынан, әлеуметтік сақтандыру Қорынан, ата-аналар қаражатынан қамтамасыз етіледі. Алаңды қамтамасыз ету үшін демеуші қаражаты қатыстырылуы мүмкін.
Бағдарламаның тиімділігі бақылау, сауалнама өткізу нәтижелері бойынша бағаланады.
Кадрлармен қамтамасыз ету
Мекеме бойынша бұйрықпен мекеменің педагогикалық жұмыскерлері арасынан алаң бастығы, оның орынбасары, тәрбиешілер, музыкалық жетекші, спорт-сауықтыру жұмысы жетекшісі, техникалық жұмыскерлер тағайындалады.
Алаң басшысы алаң жұмысына жетекшілік етеді, балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап береді, құжаттаманы жүргізеді.
Алаңның аға тәлімгері тәрбие жұмысын ұйымдастырады, мәдени- ағаарту және спорт мекемелерімен байланысты жүзеге асырады.
Тәрбиешілер, музыка жұмыскері және спорт- сауықтыру жұмысы жетекшісі алаң жоспары бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастырады, шаралар өткізеді, күн тәртібінің, қауіпсіздік ережелерінің, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылайды.
Күнделікті тәртібі (жалпы)
уақыты
Іс-әрекеттері
09.00 – 09. 15.
«Таңғы шенбер» балаларды қабылдау, күн тәртібен таныстыру
09.15 – 09.30.
«Денсаулық –зор байлық »таңертенгі жаттығу
09.30 – 10.00
Сауықтыру, «Шын жүректен» (балаларға арналған психологиялық ойындар мен тренингтер)
10.00-12.00
Үйірмелер, серуендер,
12.00 – 12.30
Түскі ас
12.30.-13.00
«Көгілдір экран»
13.00-14.50
Көңілді сайыстар
15.00
Үйге қайту