Тақырыбы:«Игі істерге бастаған жолдау»
Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді
талқылануда. Өз кезегінде бізде өзіміздің білім беру ордамыз аясында ортақ іске
үлес қосқанды жөн санап отырмыз. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен
қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты мәселе, себебі жолдау –
мемлекеттің тағдыры.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына
арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма алты жылдам
астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан
бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл
Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының
«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы
бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса
айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына
талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған
30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында
білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім
берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020
жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі
біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.
Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік
революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не
істеу қажеттігін айқындайды.
БІРІНШІ.
Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы
тиіс.
ЕКІНШІ.
Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ҮШІНШІ.
«Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
ТӨРТІНШІ.
Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
БЕСІНШІ.
Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
АЛТЫНШЫ.
Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
ЖЕТІНШІ.
Адами капитал – жаңғыру негізі.
Білім берудің жаңа сапасы.
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру
ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке
дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу
машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай
стандарттарын енгізу қажет.
Орта білім беру саласында жаңартылған
мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.
Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар
және кадрлар.
Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру
жолдарын қайта қарау керек болады.
Білім берудің барлық деңгейінде математика
және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек.
Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың
маңызды шарты.
Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті
арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына
қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.
Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД
елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және
даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп,
оны төмендету керек.
Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында
компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық
қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен
бизнес-инкубаторларының желісін құру керек.
Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және
өндірістік-технологиялық ортағаұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.
Қазақстандықтардың болашағы – қазақ,
орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.
.
Латын әліпбиіне көшу бұл
мәселені реттеуге мүмкіндік береді.
2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын
әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.
Орыс тілін білу маңызды болып
қала береді.
2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс
тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.
2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану
ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.
Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және
жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді
меңгеретін болады.
Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.
Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту,
кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау
жұмыстарын жалғастыру қажет.
Жұмыс берушілерді тарту арқылы
және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық
және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек.
«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын
жүзеге асыруды жалғастыру қажет.
Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары
үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте
орналастыру керек.
Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы
елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол
жеткізуге жол ашады.
Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен
идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.
«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да
нақ осында.
Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ
заманына лайық, шет тілдерін меңгерген,озық әрі жаһандық көзқарасы бар
қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалынаайналуға тиіс.
Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.
Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық
технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген
сұраныс көлемі арта түсетін болады.
2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге
дейін қаржы қажет болады.
Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім
берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың
лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30
процентке көбейтуді тапсырамын.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық
стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден
өткен заманауи оқу бағдарламалары.
Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық
сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.
Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы
алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың
жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.
Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық
біліктілік тест арқылы беру керек.
Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге
ынталандыратын болады.
Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің
расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.
Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу
қажет.
СЕГІЗІНШІ.
Тиімді мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік
әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын
қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
ТОҒЫЗЫНШЫ.
Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса
береді.
Көп жұмыс істеліп жатыр.
Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен
мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5
мыңнан астам адам сотталды.
Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде
келтірген залалы өтелді.
Мемлекеттік органдардағы процестерді,
соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды
болып саналады.
Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай
қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.
Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды
тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.
Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың
құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын
бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.
Адвокаттардың құқықтары мен сотқа
дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.
Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік
шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті
нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру
жұмыстарын жалғастыру қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын
қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол
қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді
түрде енгізу керек.
ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар»
«ақылды ұлт» үшін.
2018
жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.
Бас
қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына
қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.
Заманауи
технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің
проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.
«Смарт
Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың
құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу
қажет.
Әлемде инвесторлар
үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.
Олар
елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.
Сондықтан,
Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартынқалыптастырып,
Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін
бастау керек.
«Ақылды
қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және
еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.
Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты,
ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі.
Рухы биік , еңбегі ерен ,
бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын
жебіретіп, тұғырын нығатқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын. Біздің
тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз-
тұрақтылық, білегіміз-бірлік.
Осы жолдауды бірлесе отырып, іске асыру біз үшін үлкен мәртебе. Егемен еліміз
«Мәңгі Елге» айналу үшін болашақ ұрпаққа саналы да, сапалы білім беруге
құштармыз
Өресі биік, пайымы кең, салмақты,
байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес
қоспақ.Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт
болып жұмылып, жүзеге асыруымыз қажет
Ақмола
облысы
Бурабай
ауданы
Жасыл
ауылының негізгі мектебі
Баяндама
«Игі істерге бастаған жолдау»
Орындаған: Тайшабаева З.А
2018