Құралбекқызы
Гүлназ. Ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы
«Айдар шаш» қою.
Менің зерттеу
жұмысымның мақсаты: "Айдар шаш" қоюдың мәні мен мағынасын, оның қойылу себебін
анықтау.
Жаңашылдығым:
Халқымыздың дәстүрлі мәдениетінің бір парасы
– балаға "айдар шаш" қоюды кейінгі ұрпаққа
насихаттау. «Айдар шаштың» қазіргі заманғы сәндік
белсенділікке ие болуының мәнімен таныстыру.
Осындай «айдар шаш» қоюдың мағынасы да, ежелден келе жатқан бұл ескі дәстүрдің көне сырын ашу.
Шаш қою
түрлерін зерттей келе өзіме мына түрлерін
анықтадым :айдар шаш, тұлым шаш немесе тұлмышақ , кекіл қою.
Балалардың
төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ аралас
өріп қояды екен. Мұны «айдар» дейді.
Кейбір хан
ұрпақтары мен байманаптар да жақсы көрген ұлдарының төбелеріне айдар
қойды. Атақты «Абылай хан»
жырында: Қос айдарлы ұл кетті, қос
тұлымды қыз кетті, деген жолдар кездеседі . Батырлар жырларында көп кездесетін
белгілі сөз орамдары жеңілген жақтың
әуселесінің мүлдем әлсірегендігін білдіреді. Мысалы,
Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың
ұзын айдары болған. Тарихи деректерге назар салар болсақ,
айдар дегеннің мынадай да түрлері бар
екенін көреміз: яғни, айдар – жылқының
құйрық жалына алтындаған зер қосып, жеңіл өрілген бау. Осыған орай тілімізде «ат қойып, айдар тағу»
деген бейнелі тірек сақталған.
Мектебімдегі
айдар қойған оқушылармен кездесіп олардан айдар қойған себебін сұрап едім Ерлан
өзіме ұнйды мен үшін сәнннің бір түрі ең бастысы басқалардан ерекшеленемін
деді.
Мен Щучинск
қаласының мектептерін аралап айдар қойған балалар санын анықтадым .
«Айдар шаштың»
қазіргі заманғы сәндік белсенділікке де
ие болуының бір парасын.
"РИНГО"
тобындағы
жігітердің шаш үлгісін алайық. Атақты
адамдарға, яғни әншілерге де еліктеуінен басталады деп ойлаймын.
Осыған орай
мектебімнің 1-4 сынып аралығы оқушыларынан сауалнама алдым. Осы өткізілген сауалнаманың
қорытындысына сүйенсек, "Айдар шаш“
қою туралы кейбіреулері ырым деп
білгенімен, «айдар шаш» қоюдың
мағынасын, ежелден келе жатқан ескі дәстүр екенін толық біле бермейді екенбіз.
Менің ойымша,
“Көшпенділер” киносынан кейін қазақ балаларының
кескін - келбетінде бір өзгешелік байқалған сияқты. Айдар қоюдың түпкі мәнін атасы баласына жастайынан
түсіндіреді. Көбі кинодағы
батырларға еліктеп, шаштарын өсіруге айналды. Кім білсін, тәуелсіз елдің жігіттері ерте замандағы батырлар сияқты ақылды да алғыр болса, несі жаман?
Осыған орай
менің ұсыныстарым
Ұлттық
балаларға арналған «Балапан» телеарнасынан салт-дәстүрге
байланысты
бір бағдарлама жүргізілсе;
- Балалар журналдарында шаш қою дәстүріне байланысты фото - сурет
көрмесі ұйымдастырылса;
- Ата-аналар шаш қою дәстүріне мән беріп,
күнделікті тұрмыста
қолданысқа енгізсе.