Биылғы оқу
жылынан бастап педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім
жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде.
Кез-келген мұғалім критериалдық
бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн.
Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.
Критерийлер —
оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс
барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалды
бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай,
оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен
қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін
бағалауға негізделген үрдіс.
Критериалды
бағалау жүйесінің міндеттері:
Ø Танымдық
қабілеттерін, сыни ойлауын, есте сақтауын, оқушылардың оқу- танымдық
әрекеттерін орындауға икемдеу
Ø Оқушылардың
оқуға ынталарын арттыру,бағалауға деген теріс,кері ұғымдардын жою,оқу
барысында жауаптарды талдау, сараптаудағы белсенділігін арттыру
Ø Оқушылардың
білімдерін жүйелеу,бекіту,тереңдету.
Есте сақтауды бекіте түсу,оқушыларды
шыдамды болуға және өзін ұстай білуге үйрету.
Ø Оқушының
сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың
болмауы.
Ø Оқушы білімінің
жүйеленуі, тереңдеуі, есте ұстауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа
тәрбиелеу.
Ø Білм алу
барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер
кезінде анықтауы.
Ø Оқушының білім
алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде
кері байланыс ақпараттың алуы.
Ø Оқушының барлық
жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бағалау,
тренинг, үй жұмысы, шығармашылық т.б.)
Ø Оқушының
білімін ағымдық және қорытынды бағалау, баға сапасын арттыру.
Жасыл ауылының негізгі мектебінің оқу
процесін критериалдық бағалауды қадағалайтын жетекшісі Жаканова Гульбагдан Жаныковна бұйрық бойынша
тағайыңдалды. Модерацияны өткізу үшін сабақ беретін мұғалімдердің ішінен
комиссия құрылды. Критериалдық бағалау туралы жұмыс іске асыру үшін жоспар жасалды.
Оқу жылының басында жоспар бойынша ата-аналар
мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критериялерімен танысып, хабардар болды.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр
кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді
меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын
айқындауы;
Оқушының
сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы.Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
Оқушы білімінің
жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа
тәрбиелеуі;
Білім алу
барысындағы қиындықты,қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер
кезінде анықтауы;
Оқушының білім
алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері
байланыс ақпаратын алуы;
Оқушының барлық
жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау,
тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының
білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
Баға
сапасын арттыру.
Критериалды
бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса,
бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік
маңыздылығы
— жеке тұлға
емес, оқушының жұмысы бағаланады;
—
оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
—
бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан
оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
—
өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды
жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
—
оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалау тиімділігі
Мұғалімдерге:
-Сапалы нәтиже
алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
-Өзінің
іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
-Білім беру
сапасын арттыруға;
-Оқытудың
сапасын жақсартуға;
-Әр оқушының
жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын
құруға;
-Бағалаудың
түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
-Оқу
бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
-Өзінің
түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау
әрекетінің типтерін қолдануға;
-Өз нәтижелерін
болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
-Өзінің және өз
құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
-Шынайы
міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге,
сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-
аналарға:
-Өз баласының
оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
-Баланың
оқудағы прогрессін қадағалауға;
-Оқу үдерісінде
оқушыға қолдау көрсетуге;
-Мектеп
әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
-Баласының
мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті –
жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік
пен дүниетанымын қалыптастыру , оқуға деген қызығушылығын оятып,
ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының
ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық
айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы
жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы
жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Мұнда біздің
оқушыларды бағалау үшін критерийлердің жеңіл түрлерін ала аламыз. Оларға өздері
түсінетіндей, өзін — өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай
талдай алатындай дескрипторларды құрамыз.
Қазіргі таңда
мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру
үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары
заманауи талаптарға лайық болуы үшін ұстаз ақпараттық технологияны өз
іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.
Критериалды
бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты
белгіленген, ұжымдық жасалған, процестің барлық қатысушыларына алдын ала
белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс.
Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау
жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен
нұсқаулық дайындап, бағалау критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды
жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір
оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер
құрылады. Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай
алады.
Бастауыш
сынып оқушылары өз беттерінше критерийлері арқылы өз кемшіліктерін таба
алады, дұрыстығына назар аудара отырып, жан -жақты ой сарасынан
өткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының білімін мұндай бағалау
бастапқы кезде аздап қиындық туғызады. Бірақ келе-келе баланы қалыптастыруға
болады. Бастауыш сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің жеңіл түрі
алынады. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс,
топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі ((білемін,білгім келеді, үйрендім)(INSERT)), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді
қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа
қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да
болса нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критериалды
бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады.
Осының бір дәлелі 2016 жылдың маусым
айынан бастап
білім беру жүйесіне бір шама
өзгерістер енгізілді, яғни үш тілділікті толық қанды жүргізу, бес күндік оқу
аптасы, бағалау жүйесіндегі өзгерістер. 1-сыныпта баға бірінші жартыжылдық
бойынша қойылмайды, ал III-тоқсаннан бастап оқушылардан жиынтық бағалаулар алынды,
яғни ортақ бөлім аяқталуға байланысты тапсырмалар орындалып, балл қою арқылы
тексеріліп ,кейін тоқсандық бағалауға қосылып ,тоқсан айында ортақ баға
қойылады. 2016 -17 оқу жылының қыркүйегінде 1 – сыныпқа алғаш қадам басқан
оқушылармызды құшақ жая қарсы алдық . Бірінші күннен бастап өзіміздің алдымызда
да, оқушылар алдында да біршама
атқаратын жұмыстар тұрды. Бірінші күннен бастап оқушылар отыратын парталарын
дәстүрлі түрде емес топтастырып құру арқылы жаңашыл бағдарламамыздың бастауын
осыдан бастадық. Оқушылар бұл топтастырып қойған парталарына қызығушылықпен
қабылдап, жылдам өз орындарын таңдап жайғаса бастады. Міне, осылайша біз
оқушылармен жаңа оқу жүйесінің өзгерісіне бірге қадам басып, оқушылардың өздері
мен де ата-аналарымен де бағалау жүйесі екі түрде жүргізілетінін хабарландырылды. Енді оқушылардың білімі
қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрінде
тексеріледі.Күнделікті оқушылардың білімін өзара бағалау, мұғалімнің бағалау
және өзіндік бағалау арқылы жүргізілсе, ал жиынтық бағалау бөлім, ортақ тақырып
аяқталуына байланысты жүргізілетіндігі айтылды. Қалыптастырушы бағалау жүргізгенде оқушылар
арасында бірін-бірі төмендету, менсінбеушілік
басым болады екен. Қалыптастырушы бағалаудың жақсы жақтары оқушымен
орындаған тапсырмаларын талдағанда ол өзін еркін ұстайды, өз пікірін ашық, еш
қорқынышсыз жеткізе алады. Ал өзара бағалау арқылы өз ойларын ұштап, сөздік
қорлары жетіледі. Оқушылар арасында тек сыныптастық қарым –қатынас емес, бір
бүтін отбасы сияқты әр тапсырманы қызығушылықпен орындап, топқа бөлсе
бірін-бірінің пікірін тыңдайды, талқылайды, көмек жасайды. Қаңтар айында біздер
әдістемелік бірлестіктің төрайымымен жаңа бағдарламаны өткен ұстаздармен
жиынтық бағалауға байланысты график құрып,
алғаш жиынтық бағалау тапсырмаларын орындай бастадық. Сонда бізде алғаш
кездескен қиындықтармыз математика,
сауат ашу пәнінен тапсырмаларды толық оқып, оны орындау қажет болды. Ал
оқушылар тек III- тоқсанның аяғында ғана әріптерді аяқтайтындықтан оқушыларға
тапсырмаларды оқу қиынға соқты. Сауат ашудан соңғы тоқсандық жиынтық тапсырмасында сөздерді 3 жақта
жіктеуге байланысты сөздерді орындарын дұрыс орналастыру керек болды. Ал сауат
ашу оқулығының 1 – бөлімінде бұндай жіктеу
тапсырмаларда көрсетілмеген.
Осыған орай менің ұсыныстарым:
·
әріптерді
бірінші жартыжылдықта аяқтаса, себебі ең бірінші қаңтар айында орындаған
жиынтық бағалаудың тапсырмасын оқушыларға оқуға қиын;
·
13-7
және 15+8 сияқты мысалдарды оқушыларға
есептеу қиын, себебі даярлықта бұндай тапсырмалар толыққанды қарастырылмайды;
·
оқушылар әріптерді даярлықта көбінесе баспамен
үйренгендіктен, жазба мен баспа жазуды
шатастырады;
·
әріптерге
байланысты оқу тапсырмалары қаңтар айына дейін буынға бөліп оқытылып келсе,
кейін үлкен мәтіндер оқуға берілген.
Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша
бағалаудың ұтымдылығы дәлелденіп отыр.
Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі.
Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда ,тұлғалармен
қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа
тілдерді меңгеру – заман талабы. Олай болса, оқушының тіл құзыреттілігін
жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.