Бекітемін
мектеп директоры
Б.Амержанов
1қосымша
Буллингке қарсы команда туралы
Е Р Е Ж Е
- Жалпы ережелер
- Осы Ереже буллингке қарсы команда қызметінің (бұдан әрі - Команда) мақсаттарын, міндеттерін, қалыптастыру тәртібін айқындайды.
- Осы Ереже Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген Баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидаларына сәйкес әзірленді.
- Команда педагогикалық кеңестің келісімі бойынша білім беру ұйымы дирек- торының бұйрығымен құрылады және таратылады.
- Команда өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады.
- Қызметтің мақсаты мен міндеттері
- Мақсаты: білім беру үдерісіне қатысушылардың жәбірлеу (буллинг) фак- тілерінің алдын алу және болдырмау бойынша өзара әрекеттестігін күшейту, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарындағы жәбірлеу (буллинг) фактілеріне ден қою.
- Міндеттері:
- «ДосболLIKE» жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу және болдырмау жөніндегі бағдарламаға сәйкес жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу және оған қарсы іс-қи- мыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
- білім алушыларға қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілері анықталған жағдайда дереу әрекет ету, білім алушыларға әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
- мектептің буллингке қарсы қызметінің диагностикасы мен мониторингін ұй- ымдастыру.
- Команданы ұйымдастыру
- Команда құрамына: мектеп директоры, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, бірнеше белсенді, ынталы педагог пен қызмет көрсетуші персонал қатарының қызметкері, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері кіреді.
- Нақты жағдайды қарау, алдын алу іс-шараларын жоспарлау және өткізу, мо- ниторинг және т.б. кезінде тиімді атаулы көмек көрсету мақсатында Команданың құрамына басқа педагогтер де уақытша кіре алады.
- Команданың сандық құрамы және оның өкiлеттiк мерзiмi, жұмыс тәртiбi және шешiмдер қабылдау бiлiм беру ұйымының қажеттiлiгiн ескере отырып, осы Ережемен айқындалады.
- Команда мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында дауыс беру жолымен өз құрамынан басшы мен хатшыны сайлайды. Команда басшысы мен хатшысы, егер оларға Команда мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, сайланған болып саналады.
- Команданы ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді (жаб- дықталған үй-жайды, ұйымдастыру техникасын, қажетті әдебиетті беруді, іс жүр- гізуді ұйымдастыруды және т.б.) білім беру ұйымының директоры жүзеге асыра- ды.
- Команданың қызметі
- Қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша ресурстардың бастапқы талда- уын ұйымдастырады.
- Команда жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бой- ынша мынадай қызметті жүзеге асырады:
- Мектептегі ортаны талдау, жәбірлеудің болуын, сондай-ақ білім беру ұй- ымында оның пайда болуының нақты тәуекелдерін негізделген дәлелдемесін қалыптастыру үшін мектепішілік мониторинг, анонимді сауалнамалар жүргізуді ұйымдастырады.
- Пікіртерім нәтижелерін өңдеуді ұйымдастырады, білім беру ұйымында жәбірлеу (буллинг) мәселесінің нақты жай-күйін көрсете отырып, талдамалық анықтама қалыптастырады.
- Мектеп педагогтері мен қызметкерлерінің жәбірлеудің (буллинг) және кибербуллингтің (біліктілікті арттыру, семинарларға, конференцияларға қатысу және т.б., жарияланымдар, тәжірибе алмасу және т.б.) алдын алу мәселелері бой- ынша дайындығы деңгейін талдайды.
- Педагогикалық кеңеске білім беру ұйымында жәбірлеудің (буллинг) мәсе- лесінің болуын мойындау, онымен жұмыс істеу нұсқауын қалыптастыру туралы материалдар дайындайды.
- Білім беру ұйымында буллингпен жұмыс істеу жүйесін құруға дайын бел- сенді, ынталы педагогтерді, қызметкерлерді, ата-аналар қоғамдастығының өкіл- дерін іріктейді және біріктіреді.
4.2.6 Оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігін, білім алушылар контингентін, ата- аналар қоғамдастығының пікірін, білім беру ұйымының қалыптасқан дәстүрлерін ескере отырып, «ДосбоLIKe» білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбір- леудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету бой- ынша білім беру ұйымының нормативтік-құқықтық базасын пысықтайды.
- Педагогтермен бірлесіп, буллингтің алдын алу және «ДосбоLIKe» білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарла- масын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
- Білім беру үдерісіне қатысушыларды Команданың қызметі туралы үнемі хабардар етеді, оң тәжірибені таратуды қамтамасыз етеді.
- Білім беру үдерісіне қатысушыларды: білім алушылар, педагогтер, техни- калық қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналарын оқытуды ұйымдастыра- ды.
- Білім беру ұйымында алдын алу іс-шараларын жүргізуді үйлестіреді.
- Ата-аналарды алдын алу іс-шараларын жүргізуге және консультациялық көмек көрсетуге тартады.
- Оқушылардың өзін-өзі басқаруын ДосбоLIKe» білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасын іске асы- руға қатыстырады.
4.1.13 Буллингке қарсы оқытуды жүргізу мақсатында қызметі білім беру үдерісі- не қатысушылардың құқықтарын қорғауға қайшы келмейтін серіктес ұйымдар- мен (коммерциялық емес ұйымдар, психологиялық орталықтар, буллинг тақы- рыбымен жұмыс істейтін басқа да мектептер, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы, қалалық медиа қызмет- тер, сенім телефондары) ынтымақтастықты ұйымдастырады.
- Зорлық-зомбылық жағдайларының таралуы бойынша мектеп ішіндегі ахуалға, білім беру үдерісіне қатысушылардың көмек сұрауға дайындығына мо- ниторинг жүргізеді, жағдайлармен жұмыс динамикасын қадағалайды.
- Біліктілікті арттырудың перспективалық жоспарына енгізу үшін мектеп мамандарының білім алу қажеттілігін айқындайды.
- Мектептегі буллингке қарсы саясатты, жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жоспарын айқындау, мектеп инфрақұрылымын өзгерту үшін ұсыныстар әзірлей- ді.
- Команда жәбірлеу (буллинг) жағдайларына ден қою бойынша мынадай қы- зметті жүзеге асырады:
- «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу қағидаларына» және «Білім беру ұйымында жәбірлеу (буллинг) жағдайындағы іс-қимылдар алгоритміне» сәйкес буллинг жағдайлары туралы белгілерді қабылдайды.
- Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты жәбірлеу (буллинг) бел- гілері анықталған жағдайда оларға дереу ден қоюды ұйымдастырады.
- Білім беру ұйымдарында әрбір нақты жәбірлеу (буллинг) жағдайы бойын- ша көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлейді.
- Нақты сыныпта анықталған буллинг жағдайы бойынша көмек көрсету жоспарын іске асыруды үйлестіреді.
- Жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен оқушыларға көмек көрсетуді ұйымдастырады, ата-аналарға көмектің қажеттілігі мен мәнін, кәсіби көмек алу бойынша ұсынымдарды түсіндіреді.
- Құқықтары
- Функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Команданың:
- Ұйымның, оның ішінде Команданың құзыретіне жататын мәселелер бойын- ша өткізілетін кеңестеріне қатысуға;
- Командаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен мате- риалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға;
- Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Команданың құзыретіне жататын және ұйым бас- шысымен келісуді талап етпейтін мәселелер бойынша білім беру ұйымының атынан өкілдік етуге;
- ДосбоLIKe» білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбірлеудің (бул- лингтің) алдын алу бағдарламасын іске асыру жөніндегі білім беру ұйымның қы- зметін перспективалық дамыту, жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарауға енгізу құқығы бар.
- Жауапкершілігі
- Команда қатысушыларына мыналар үшін: жауапкершілік жүктеледі:
- Осы Ережеде айқындалған Команданың функциялары мен міндеттерін ҚР қолданыстағы заңнамасында айқындалған шектерде орындамау (тиісінше орын- дамау);
- Басқа да ықтимал шараларды қоса алғанда, жәбірлеудің (буллингтің) жо- лын кесу үшін шаралар қолданбау: қудалауды бастаушымен және қатысушылар- мен әңгімелесу, қудалауды бастаушының және қатысушылардың ата-аналарымен әңгімелесу;
- Өздеріне белгілі болған қудалау (буллинг) эпизодтары туралы кідірту не- месе білім беру ұйымының басшысына хабарламау;
- Жәбірлеуді тоқтатуға бағытталған шараларды, сондай-ақ ішкі тәртіп қағи- даларында және білім беру ұйымының жарғысында көзделген қудалауды баста- ушы мен қатысушыларға тәртіптік жазалау шараларын немесе білім беру қызмет- терін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шараларды қабылдамау;
- Егер жасырын болуды сақтау туралы өтініш білдірілсе, өзіне белгілі болған мектептегі жәбірлеу деректері туралы хабарлаған оқушының жасырын болуын сақтамау;
- Команданың функциялары мен міндеттерінің орындалуына Команда же- текшісі жауапты болады.