Көпшілік алдында талқылау үшін
2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында
«Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметі туралы есебі
«Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызметті көрсетеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 24, олардың ішінде:
- қағаз нысанында – 15;
- «Электрондық үкімет» веб – порталы арқылы – 9 ;
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 ;
6 мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1)Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-5
2) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау- 1;
3) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау- 0 ;
4) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру- 0;
5) Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 3,;
6) лагерь – 0.
Халықты хабардарлық ету мақсатында «Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары және осы қызметтерді көрсету бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Одан басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша халықтың қолжетерлігі және ақпараттылығы мақсатында, «Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ көрнекілік ақпаратпен (стандарттар, өтініштер үлгілері және т.б.) стендер орналастырылған. «Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ ресми Интернет-ресурсында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда стандарттар, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараттары орналастырылған.
Ай сайын «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай уданы бойынша білім бөлімі» ММ-не 6 мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ішкі мониторинг жұмысы туралы есеп беріледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылық жоқ.
«Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар стенд рәсімделген.
«Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ жауапты тұлғалары Курмангалиева Гульмира Жагыпаровна 2022ж, Рахимжанова Кымбат Канатовна 2024 жылы, Рахимжанова Шнар Рахметуловна 2023 ж, Амержанов Бекжан Жолтайулы 2024жылы «Білім саласында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету» тақырыбы бойынша біліктіліктік арттырудан курстарын өткен.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қызметті алушылардың қанағаттанарлығын арттыру мақсатында «Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары және бөліммен және білім беру ұйымдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы түсіндіріп тарату және тұтынушыларды хабардар ету жөніндегі 2024 жылға арналған Медиа-жоспар бекітілген. «Жасыл ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісі, сапасы және қол жетерлікті аптасайын мониторингілеу жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2024 жылдың 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметтерді алатын тұтынушылардан мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау.
1)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Шағымданушы туралы мәлімет Шағым мәні Шағымды қарайтын және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарау мерзімі Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжат № Қабылданған шешімдер Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет- 0
Мектеп директоры Амержанов БекжанЖолтайулы
Орынд.: Рахимжанова К.К, Курмангалиева Г.Ж, Рахимжанова Ш.Р
Тел.: 94 3 31