"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жасыл отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 МАМЫР МИТИНГ

23.05.2018

Жүргізуші:   Бүгінгі күн- көптен күткен

салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 73 – көктемі де келіп жетті.

 

Би : қазақша

Жүргізуші:  

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!  Биылғы жылы 9–мамыр күні  Ұлы Жеңіске 

73 –жыл толады. Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етегімен су кешіп,

ат ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі жері үшін жанын аямай, Отанымыздың

абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні.Біз бақытты

ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге,

бейбіт те баққытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп, ерлікпен жеңіске жеткен

батыр бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ. Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің жадымызда. 

 

Жүргізуші:     Бүгінгі

Ұлы Жеңістің 73 жыл толуына арналған

 «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс » атты салтанатты

митингімізді ашық деп жариялаймыз!

 

Гимн

Жүргізуші: Осындай бақытты күнді елі мен жері

үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін

сыйлады. Сондықтан да,бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың

ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет  көрсетейік.

 

1,2 Жүргізуші: Біз сіздерді Ұлы

Жеңістің 73 жылдығымен құттықтаймыз

 

Жүргізуші: Қан майдан соғыста, жас

ерекшеліктеріне қарамай – тылда 12-13 жастан бастап тер төгіп, аянбай еңбек

еткен ата-аналарымызды құрметтейік (музыка ойнап тұрады)

Мусина Алтынай апа                          Қазыбаева Мағрипа апа

 

Ауған соғысының ардагері :        Курмангалиев Орман аға

 

Жүргізуші : Ардагерлерді Ұлы Жеңістің 73

жылдығымен

 

Құттықтау сөз Атамекен

округінің әкімі Дауылбай Қалымұлына беріледі

Құттықтау сөз мектеп директоры Амержанов

Бекжан Жолтайұлына беріледі

Құттықтау сөз ардагерлер

кеңесінің төрағасы Исенов Төлеген  Кожақұлына беріледі.

 

Жүргізуші: 

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір

азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және

елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз

кезегін берейік.

Әдеби монтаж  (Ділназ, Сандуғаш,Айдана,Темірлан,Нұрсүлу)

 

Би: Армия тодес

Жүргізуші:  

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол

соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол  сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып,

қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды

еске алатын күн.

 

Жүргізуші: 

Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарымыз

қалғанша күресіп, жаудан аман- есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткігісіз

қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді.

Біз  Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің

ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз.

Біз халықтар арасындағы

достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз.

Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-

бірлікте, тату- тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат саплысып жүргендеріңізді

мақтан етеміз. Біз бүгінгі ұрпақ өкілдері олардың өлмес рухына арқашан да бас

иеміз.

 

Жүргізуші Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырды,

қай күні.

Ұлы отаным басын иіп бір

минут,

Есіне алмақ сол бір апат

қайғыны

 

Ақышев Алтын

Алғазин Ақтай

Асылбеков Әміржан

Әлімжанов Қойшыбай

Есімов Бейсен

Жезбаев Тасым

Жолданов Қапар

Жуанышпаев Қ

Жүсупов Ш

Исенов Қожақ

Кенжегалиев Жалғазы

Қазыбай Мырзабай

Қазыбаев Ораз

Курмангалиев Кайржан

Курмангалиев Ахметжан

Кушеков Әміржан

Луговской А

Мусин Ануарбек

Нурмаганбетов Шаяхмет

Нұрманов Нүрсейіт

Отарбаев Бекен

Отарбаев Қ

Рамазанов Хамитай

Рахымжанов Қалымтай

Сабиров Қ

Сабдыбаев Шайкен

Сабдыбаев Шайзат

Сатыбалдинов Қ

Сәкенов М

Серкебаев Әшім

Смирнов Петр

Теміртасов Ныгметжан

Тіржанов Әмиржан

Турғынбаев Шаріп

Тұрсынбаев Ахат

Фетисов Илья

Феофанов С

Хамзин Т

Қасенов Ә

Шомбаев Балкен

 Жүргізуші Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал

осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен

апалаымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп,

кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

 

1 минуттық  үнсіздік.

 

Хор Жеңіс туын желбіретіп

 

Жүргізуші:    Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында

біз бүгін бейбіт өмір, баққытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің

халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі

мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың

Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.  Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен

жерлестерімізге гүл шоқтарын қоюға шақырамыз

4 сынып оқушылары

Иманжанов Темірлан   Қазбек Аяулым

6 сынып оқушылары

Булаев Егор   Қабден Гүлназ

8 сынып оқушылары

Қабден Дидар  Ныгметова Нурсулу

Баймолдин   Ислам     

Қазыбаева Камила

/гүлдерді қою/

 

Даярлық сынып: Әрқашан күн сөнбесін

Жүргізуші: 

Құрметті ауылдастар! Сіздерді осындай тамаша мереке- Жеңіс күнімен шын

жүректен құттықтаймыз! 

Баршаңызға мықты денсаулық,

ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке бірлік тілеймін.  Бүгінгі Ұлы Жеңіске 73 жыл толуына арналған

салтанатты митингті жабық деп жариялаймын.

Просмотров: 522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст