"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жасыл отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 МАМЫР

31.05.2018

Өтетін күні    25

мамыр   2018 жыл

 Өтетін орны        мектеп алаңы

             

Басталуы:  10.00

 

 

Тақырыбы:         «Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті

ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі

ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз

нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

 Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

 Қош келдің, айналайын, халқым менің!

2-жүргізуші:

   Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері

лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп,

алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші:   Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

            Бағбан ұстаз баулыған құстары

бұл.

            Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

            Сол құстардың бір тобы ұшқалы

тұр,

Ұрпағың мақтануға болса лайық

 Біз

бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 9-шы сынып түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық -

деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп

бітіруші түлектерімізді  ортаға

шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

(Музыка әуенімен ортаға бітіруші

түлектер шығады)

2-жүргізуші

Алдарыңызда

9 сынып оқушылары:

1       Бимурзин Нуржан

2       Иманжанов Алмас

3       Курмангожина Жаннәт

4       Қабден Дидар

5       Наймантаева Сандуғаш

6       Нурмаганбетов Алишер

7       Сейтжанов Жандос

8       Темирбаев Шерхан

9       Ұмбетбек Ұлағат

Сынып

жетекшісі Мухамбеталина Гүльжайнат Көпеевна

1-жүргізуші:2017-2018 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды

ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:Қазақстан

Республикасының мемлекеттік әнұраны ойналсын

1-жүргізуші: Жыл өткен сайын өсіп, гүлденіп келе жатқан  Тәуелсіз Қазақстанның тарихы көптеген елеулі

оқиғаларға толысып келеді. Соның бірі биылғы жылы аталып отырған  бас қала - Астананың  20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи

оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.

2-жүргізуші: Осы жиырма  жылдың ішінде әлемге

танылған Астана Қазақстанды да әлемге әйгілі етті. Мектеп бітірулері осы айтулы

мерекемен тұспа-тұс келген түлектеріміздің болашағы жарқын, сенімдері нық

болатынына үмітіміз зор. Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Сіздер  үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі

де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Сіздер дәл осы күні

өздеріңіздің қимас бір мекеніңізге айналған балдаурен шақтың балауса қызығын өткізген, бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие

жинаған мектеп анаңыздан  түлеп ұшқалы

тұрсыздар!

1-жүргізуші: Қазекем

қонақ десе көсіледі,

                Мұндайда жай түйіні

шешіледі.

               Ақ тілеулі ырыс қой қонақ

деген

               Өзімен ала келер несібені.

– демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:

1 Ташпенова Асем Амирханова

2. ......................................... 

3.  ...........................................

1-жүргізуші:

Ажырамай

мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,

-

дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры

Амержанов Бекжан Жолтайұлына беріледі.

2-жүргізуші:

Арман

ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті

қонақтарына сөз береміз:

Сөз кезегі:

1.    Бурабай ауданы білім бөлімінің бас

маманы -  Ташпенова Асем Амирханова



Шаймерденова Жанельдің орындауында

«Туған жер» әнін қарсы алыңыздар

1-жүргізуші:

2017-2018

оқу жылының аяқталуына арналған мектеп директорының бұйрығымен таныстыру үшін

сөз кезегі директордың оқу ісінің орынбасары Курмангалиева Гулмира

Жагипаровнаға беріледі.

2-жүргізуші:

Құрметіне дарындардың тік

тұрыңдар!

Алаңдап, жан-жаққа бас бұрмаңдар.

Бүгінгі салтанатты мерекенің

Дарынды, үздіктерін қарсы алыңдар!

 

 

 

Құрметті ата – аналар,

ұстаздар, оқушылар! «Кемел келешек кілті - білімде» айтылғандай  2017 – 2018 оқу жылын үздік аяқтап, дарынымен

дараланған үздік  оқушылар шеруін

бастаймыз. Құрметті қонақтар, үздік оқушыларымызға қол соғып қошемет

көрсетіп қояйық!

(Тізім бойынша оқылады)

2017-2018 оқу жылындағы    үздік оқушылар

1 сынып оқушылары

Тауболат Саламат

Мейірбек Ерғанат

Жанатова Саягүль

Құрметқызы Жібек

 

2 сынып оқушысылары

 

Амандық Қайсар

Амандыкова 

Амаль

Нүкжан Санжар

Шаймерденова Жанель

 

3 сынып оқушысы     Құрметбек Нұртай

 

4 сынып оқушысы     Иманжанов Темірлан

 

8 сынып оқушысы     Қазыбаева Камила

 

9 сынып оқушылары       Сейтжанов Жандос

                                               Курмангожина

Жаннат

1-жүргізуші:

Құрметті біздің үздік оқушылар,

жақсы оқып мектебіміздің, ауылымыздың мәртебесін асқақтатып, еліміз үшін қызмет

атқаратын азамат болыңыздар деп тілейміз.

(үздіктер шеңбер жасайды)

Мектеп даңқын асқақтата

беріңдер, мектеп жұлдыздары

 

Ән: 1 сынып оқушыларының

орындауында  «Алғашқы ұстаз» әні қарсы

алыңыздар

 

2 жүргізуші: Мектеп

әкімшілігі  перзенттерінің оқудағы

табыстары, жақсы оқуы, әдепті  де

инабатты, дарынды әрі бетке ұстар шәкірт болуы ұстаздармен қатар ата-ананың да

еңбегі  - дей келе  келесі ата –аналарды алғыс хатпен

марапаттаймыз.

 

Құрметті  Бекмаганбетова Қадиша Сыздыковна

Сізді

көктемнің шуақты мерекесі соңғы қоңыраумен құттықтай отырып, дарынды әрі бетке

ұстар қызыңызға (ұлыңызға) елеулі еңбегіңіз бен тәрбие қосқан үлесіңіз үшін

алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің

осы жолда талмай биік шыңдарға жетулеріңізге, еліміздің рухани жаңғыруы үшін

ертеңгі күнге нық қадам басып, жарқын болашықтың иесі болуына тілектеспіз!

1

сынып ата –анасы  Жакиянова Роза

2

сынып ата-анасы Серікбаева Сарби Серікбаевна

3

сынып ата-анасы Мұратхан Жаңыл

4

сынып ата-анасы Габбасова Асель Сериковна

5

сынып ата-анасы Курмангалиева Қалима Есенгельдиновна

6

сынып ата-анасы Шалабаева Айжан Есмагуловна

7

сынып ата-анасы Жакиянова Ақмарал 0

8

сынып Нығметова Айгүль Хасеновна

(9 сынып Гүльжайнат

Көпеевна марапаттайды)

1-жүргізуші:

Бірлік деген даналар мен

кемеңгер

Бір - біріңді әрқашанда елеңдер

Түрлі асу жолдарында тағдырдың,

Бір - біріңе сүйеу болып демеңдер.  - деп, құттықтау кезегі 4-сынып  оқушыларына беріледі.

Ән : Самая вышка

2-жүргізуші:

Мектеп

маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Өмірге қанат қақты жас өрендер,

Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен

қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің

соңғы,  өмір жолының алғашқы қадамында

тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

9 сынып

Өлең шумақтары

Вальс

Ән

Шарды жіберу, 1 сыныпқа сыйлық

 Жүргізуші:Бүгінгі кеш жүректерді

тербейді,

Балалық шақ қайта айналып келмейді.

Алғашқы ұстаз әліппені ұстатқан,

Жүректерден

ешқашан,ешқашан сөнбейді. Сөз кезегі құрметпен алғашқы және қазіргі сынып

жетекшісі Мухамбеталина Гүлжайнат Көпеевнаға беріледі

5-7сынып

аралығында сынып жетекшілігін атқарған Мусина Анар Алшинбаевнаға беріледі

1- жүргізуші:

Жақсы

шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі ата-аналар атынан ................. беріледі    

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

Алдарыңнан

арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 9 -дың аманатын

Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,

Аманатты  9 – сынып түлегі   Наймантаева Сандуғаш                                                                                      

8-сынып оқушысы  Нигметова

Нурсұлуға  тапсырады.(Музыка әуенімен)


2-жүргізуші:

Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!

Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса

қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар

соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.

1-жүргізуші

Гүлдерге

толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушысы 

Сейтжанов Жандосжәне 1 сынып оқушысы Тауболат Саламатқатапсырылады.

/Қоңырау соғылады/

 Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.

2-жүргізуші:

Бұл

соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.

Өмірде ілбіп, тек көшпей,

Жүретін сергек жол мынау.

Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау,

Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып

саламыз.


1-жүргізуші:

 Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, 

Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!


2-жүргізуші:

Осымен

2017-2018 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай

отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша

сау-саламатта болыңыздар.

 

Просмотров: 625


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст