"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жасыл отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.05.2018

Сценарий

мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің

бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру

Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету

Сценарий

көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық

киімдер

Сценарий

барысы:

І

жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, қонақтар, оқушылар

 Біз бүгін

Қазақстан халықтарының бірлік күнін тойлаудамыз. Біз сіздерді осы мерекемен шын

жүректен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар

достығы және бірлігіне арналған «Бір шаңырақ аясында» атты салтанатты

жиынымызға қош келдіңіздер:

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

 

2— жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Құрметті ұстаздар! Оқушылар Жүздерімізге шуақ, бойымызға

қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты

болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз мектеп директоры Амержанов Бекжан

Жолтайұлына беріледі.

әдеби монтаж 

(Нұртай,Інкар,Саягуль)

 

 1 - жүргізуші

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам

ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр

тауқыметін арқалап, сол ақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған

ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман.

Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас

достыққа сызат түспесе екен. Бүгінгі мерекеге қатысып отырған ұлт өкілдерін

қошеметпен қарсы алайық!    

  (Әрбір үлтты

шақыру)

(Шырай-Қытай, Камила-Россия,Ділназ- Қазақстан,Темірлан –

Америка , Ұлағат шаңырақ ұстау,  Д.Гүлназ-ингуш,Нурсулу – татар, Гүлназ-өзбек )

Ұлағат :

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек

айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған

жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде

қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз

өркендеп, ілгері басып келеді.

Достық – шырағымыз,

Достық – ұранымыз.

Достық туымыз,

Достық әніміз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

 

Хор : «Атамекен» 3 – 4 сынып

2 жүргізуші:

Бұл күні бақшаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы! –дей отыра

«Балбөбек» шағын орталығының    орындауында

қазақтың қара жорға биін қарсы алыңыздар

1  жүргізуші: 1995

жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары

Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор

құрылым.

Ынтымағы жарасқан береке күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

2 жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік,

ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек»

деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму

болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

1  жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің

өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

І

жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

ІІ

жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

І

жүргізуші: Қазақстан жасасын!

ІІ

жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» даярлық сынып

Құрметті қонақтар, балалар сіздерге шексіз алғысымызды

айтамыз. Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз

бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге

айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге

ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, денсаулығымыз

өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекемізге қатысқандарыңызға

рахмет. Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

І-ІІ жүргізуші: Сау — саламатта болыңыздар!

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст