Замана шындығы
Бұзылған жастары көп қазағымның
Кіндік ашық,не
сұмдық,назалымын.
Біз қазақ,текті едік қой,әлмисақтан,
Естілді құлағыма азалы үн.
Бұл жастар еліктеп ап,батыс жаққа,
Жоғалтты ма,ұлтымның тазалығын.
Сәкен
ата сіз айтқан осы шындық,
Мен де ойлап бұл
жайды мазалымын.
Заман ба,әлде бұзылған
адам ба әлде,
Неге түстік біз бұлай,жаман халге.
Қазақ едік ұятты,ар-намысты,
Енді міне тұрмыз біз қандай халде.
Біз қазақ иман жүзді халық едік,
Қолда құран,қария-баста сәлде.
«Жалғыз қалған үйдейін жапандағы», Қазақ
халқым адасып қалды ма әлде.
Біз қазақ,өр
мінезді,текті едік қой,
Арақ ішіп,шылым да шекпедік қой.
Ақан,Біржан заманы-қайда бүгін,
Біз,қазақ,өр рухты,текті едік қой.
Ұрпағым текті болып өсу үшін,
Жамандықтан
жиреніп,шектедік қой.
Ал, бүгін заман қандай
адам қандай,
Амандассаң біреу жүр сәлем алмай.
Қайқаң-қайқаң етеді тәкәппарсып,
Білемін,бойыңдағы шамаң қандай.
Қалтаңдағы ақша
сені өзгерткен,
Ақшаменен бұл денең жаралғандай.
Замана шындығы ма ақша
деген?
Ар
мен ұят өлшенбес ақшаменен.
Ақша үшін ар сатқан адам оңбас, Ақыретте
өртенер барша денең.
Ақан айтқан «Жаманға ісің түссе, Аспан
жерге жабысып қалад екен».
Сәкен сері толғанған ащы шындық,
Запыран боп мәңгілік,қалар ма екен?
Майса Хаңжаң