"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жасыл отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16.06.2017

«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»   

сценариі.

Мектеп

залында немесе ауласында салтанатты шараға шақырылған ата-аналар, мектеп

оқушылары, білім беру саласы басшылары және т.б.  Мереке салтанатты сапқа

тұрғызудан басталады.

1-Жүргізуші: 

Құрметті  ата-аналар,  аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас

түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас

тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға

күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты.

 

2-Жүргізуші: Кеше ғана

тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған

ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы  отыр.

Бүл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.

 

1-Жүргізуші: Құрметті оқушылар,

ата-аналар, ұстаздар 2016-17  оқу

жылының  соңғы қоңырау, яғни «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты

жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

 

2-Жүргізуші:  

Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар

тау, арқа тұтар алтын белім

Ұядан

ұрпағыңды ұшырмаққа,

Қош

келдің, айналайын халқым менің!

 

1-Жүргізуші: 

Өлшеулі ар-намыс

пен нарқымыздың,

Қорғаны

адамдық пен салтымыздың

Армысыздар

аяулы ұстаздарым,

Сенері

сендерсіңдер халқымыздың

 

2-Жүргізуші:  Өмір берер

ертеңгі бағаларын

Ұядан

ұшпақ бүгін балаларың

Халқыма

ұрпақ берген, өмір берген

Қош

келдің әкелер мен аналарым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Жүргізуші:

Жас

жүректің өмірлік құштары – гүл

Бағбан

– ұстаз баулыған құстары – бұл,

Қоштасып

бүгінгі күн ұясынан,

Сол

құстардың бір тобы ұшқалы тұр,

Ұрпағың

мақтануға болса лайық,

Біз

бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы

жыл түлектерін,

Құрметпен

қол соғып қарсы алайық!- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге

ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы

алыңыздар!

Ортаға 9 сынып оқушылары  және 

сынып жетекшісі  Дюсембаева Б.К

 

2-Жүргізуші:

Аттанарда

ұрпағым бақ жолына,

Түссін

деп тура жүрер нақ жолына.

Арнайы

ақ матадан жол төседік,

Ырым

ғып түлектердің Ақ жолына!

Түлектердің

бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына

әлем халқы бас ұрсын.

Деген

асыл ниетпенен ағайын,

Ақ

жолына той шашуы шашылсын!

 

(Оқушылар келе жатқанда алдарына

ақ жол төселеді. Құрманғазының күйі «Адай» орындалады. Шашу шашылады. Түлектер

келеді)

 

2-Жүргізуші:

Батырлыққа

уызынан жарыған

Ер

түркіні байрағынан таныған.

Өзі

ақын, өзі әнші халықтқа,

Жарасады

жігер берер әнұран

Салтанатты жиынымызда Қазақстан

Республикасының Мемлекттік Әнұраны орындалсын.(Ән ұран орындалады)

 

 

 

 

1-Жүргізуші:

Жас

болса да мектебіме бас болған

Ұйымшылдық

ұжым үшін жақсы леп

Бекжан

 ағай үміт күтеді жастардан,

Айтатыны

ақ бата мен ақ тілек

Мектебімнің

қиынына күйгені,

Табыстарға

мәз-мәйрам болып жүргені

Сіздер

үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер

айтар жастарымды бастайтындай ілгері,,- дей келе  құттықтау сөз мектеп басшысы  Амержанов Бекжан Жолтаевичке  беріледі.

 

2-Жүргізуші:

Қонақ

деген ырысың мен мерейің,

Енді

аяңдап қонақтарға келейін

Уақыт

бөліп бізге тілек білдірер

Сөз

кезегін қонақтарға берейін, -дей кел келген қонақтарымызға

  құттықтау сөз кезегін береміз.

1.

 

2.

1-Жүргізуші:

Ғылымды

терең меңгеріп,

Үмітті

бұлақ ақтады.

Мектепті

жақсы бітіріп,

Ұстаздың

болдың мақтаны.

Шығыңдар

білім шыңына

Батамыз

осы сендерге.

Болыңдар

үздік тағы да,

Оқуда

да, еңбекте.

2016-17

 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп

басшысының бұйрығымен таныстыру үшін сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі

Жаканова  Гульбағдан Жаныққызына  беріледі.

 Үздіктерді мадақтау.

Рәсімі

 

 

 

 

 

 

1-Жүргізуші:

Мында

біреу жымияды қызына,

Мында

біреу ақыл айтады ұлына,

Мында

біреу сөз сөйлейді сызыла,

Мында

біреу елтіп отыр жырыма.

§  Ол кім?-десең,

Қуаныштан

езулерің жымиған.

Ұстаз

білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.

Баласының

болашағы үшін өмір сүретін,

Ол

ата-ана, әлемдегі сыйлы адам.

 

 

 

2-Жүргізуші:

Ортаға

шақырайық ата-ананы, -дей келе, сөз кезегін алыстан арқаланып, баласы үшін бар

жақсылықты шашу шашуға әзір ата-аналар келіп отыр. Сөз кезегін ата-аналарға

берейік.

1.

 

2.

 

3.

1-Жүргізуші:

Әлі

есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді

есте мәңгі сақтадым.

Жүрегімде

нұрын құйған жылылық,

Көрген

емес ешқашан да суынып.

2-Жүргізуші:

Бүгін

мына кеш жүректі тербейді,

Бал

дәурен балалық айналып келмейді.

Алғашқы

ұстазым әліппе ұстатқан

Жүректен

ешқашан, ешқашан сөнбейді.- дей келе құттықтау сөз кезегін 1-сынып

оқушыларына берейік.

 

 

 

1 жүргізуші:

Абзал

жандар биік тулға байсалды

Құшақ

жая төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге

жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды

бүлдіршіндердер баршанды –деп,

Құттықтау

кезегі төртінші сынып бүлдіршіндерге беріледі.

 

2-Жүргізуші:

Сыныпты келдің

басқарып,

Көрмедім

ойлап бас қамын.

Шәкірттер

жатыр ұшқалы

Өмір

дегенің қас-қағым

Бірге

өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып

шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын

ұшырған ұясынан

Сөз

берейік жетекші ұстазына

Келесі

сөз кезегін Сынып жетекшісі Дюсембаева Бакыт Копеновнаға  береміз.

 

1-Жүргізуші

 Кездескенде қалатұғын шұрқырай,

Балалықтың

 оралмады-ау бір күні-ай.

Барлығымыз

бір мектеп, бір сыныпта,

Тағы

осылай отырар ма екен шіркін-ай!

Ұшырса

да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз

– ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын

асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар

шәкірттердің алғысын

 

 

 

 

  

9 сыныптын құттықтау

сөздері.

 

1 жүргізуші : 

Алдарына

арман жолы ашылады.

Түліктерге

бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен

 9 –дің алтын кілтін

Ізін

басар сыныпқа тапсырады.

 

 

2-Жүргізуші: Қымбатты мектеп

бітіруші  түлектер!

 Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп

табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі

қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір

белесіне асыратын қоңырау. Гүлдерге толы омырау, Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып, Соғылсын соңғы қоңырау.


 Қоңырау соғу сәтіне 1-сынып оқушысы

Шаймерденова Жанель және 9-сынып оқушысы Қанаш Болат шақырылады.

 

1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің. Үнімен соңғы естіген қоңыраудың. Дірілдеді - ау

ерекше жүректерің.

 

2-Жүргізуші: Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен

қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Өмірде ілбіп, тек көшпей, Жүретін сергек жол

мынау. Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау, Сыңғырла, соңғы

қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз. 

1-Жүргізуші:

Жазғы демалысты жақсы

өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта

 болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.

 

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст