"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жасыл отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Жеңіске 72 –жыл

12.05.2017

Мақсаты:   Ұлы  Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтары,

халық  көтерген  қайраткерлерді еске ала отырып, оқушыларды

адамгершілікке Отаның сүюге оны қорғауға баулу және оқушыларды Ұлы Отан

соғысымен Қазкақстандықтардың ерлік ісімен таныстырып, ой өрісін дамыту.

 Күні:  5

мамыр

Өткізетін орны:

Мектеп аланы

Түрі: митинг

Көрнекіліктер:

шарлар, тарнспоранттар

1  жүргізуші

:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Биылғы жылы 9–мамыр күні  Ұлы Жеңіске  72

–жыл толады. Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етегімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қиын

заманда, елі жері үшін жанын аямай, Отанымыздың

абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні.Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі,

біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге,

бейбіт те бақытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп, ерлікпен жеңіске жеткен батыр бабаларымыз.

Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ. Бірақ, есімдері

мен ерліктері біздің жадымызда.

 

2 жүргізуші :  Ұлы Отан  соғысындағы  Жеңістің  72  жылдығына ,  соғыс  құрбандарына,

 мәңгі жас болып  жадымызда сақталаған жауынгерлердің  рухына, 

бейбіт кезінде дүниеден  өткен

ардагерлер  аруағына.  Бүгінде 

ортамызда  жүрген  еңбек ардагерлернің құрметіне арналады.

1 жүргізуші:    «Ұлы Отан 

соғысындағы Жеңістін 72 жылдығына арналған  « Ешкім де, еш нәрседе ешқашан ұмытылмайды»

салтанатты  шеру ашық деп жариялаймыз.

Ән ұран

1 жүргізуші:  9 мамыр- Жеңіс күні  бүкіл дүние  жүзі 

бойынша  үлкен мейрам. Әсіресе,

бұл  екінші дүниежүзілік соғыстын бар

ауыртпалығын өз мойынан көтеріп, Отан үшін от кешіп,соғыстын  қайғы 

төккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңістің туын желбіреткен Ұлы

Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2 жүргізуші:Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін

арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл

күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың

ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.  Олардың

ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

 

1-2 жүргізуші.   Біз сіздерді 

  Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен  құттықтаймыз

1 жүргізуші .  Қан майдан соғыста , жас ерекшіліктеріне

қарамай – тылда 12-13 жастан бастап тер төгіп, аянбай еңбек еткен

ата-аналарымызды құрметтейік  ( музыка)

1.     

Мусина

Алтына  апай

2.     

Казыбаева

Мағрипа апай

 

Ән    « Ардагерлер»

2 жұргізуші : Жеңіс

күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол  сол соғыста

Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан

оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

 

1 жүргізуші:

Ардагерлерді   Ұлы Жеңістің  72 жылдығымен 

құттықтау  сөз 

·        

Жасыл

ауылының НМ мектеп директоры Амержанов Бекжан Жолтайұлына беріледі

·        

Атамекен  ауыл аймағының  әкімі  Капезов

Даулбай Галымовичке беріледі.

 

2 жүргізуші :  Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр

азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса

сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын

тыңдау үшін оқушыларға    сөз кезегін берейік.

 

Ән « Алия» 

Казбек   Аруна

Оқушылардың тақпақтары

            Отан үшін мерт болғанды танып біл

Оларды әсте

ұмытпайды халық бұл

Ерлік данқы

ешқашанда өшпейді

Батырлардың жүрегі

от боп жанып тұр

Олар сенің таңғы

шапақ нұрың ғой

Олар сенің асқақ

жырың гой

Мәнгі аланға жиі

келіп ардайым

Оларға арнап Ұлы

жеңіс гүлін қо

Алмас

Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,

Шеңгелін қанды ажал жайғанда,

Ойрандап жауыздың ордасын,

Болдық біз найзағай майданда!

Жеңіс туы,

Жеңіс туы

Желбіресін мәңгілік!

Жеңіс жыры,

Жеңіс жыры

Асқақтасын жаңғырып!

Камила

 Бел шешіп, қабағын ашпаған,

Бой жазды күлімдеп қалың ел.

Әлемді апаттан сақтаған,

Жеңіспен оралды жауынгер!

Жеңіс туы,

Жеңіс туы

Желбіресін мәңгілік!

Мағжан

Жасасын Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ 

ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қанша ма адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды

 

Гульназ

Женіс күні  бар әлемге әйгелі

Көктем, шуақ – 9 мамыр күні

Айтшы , кәне, біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемгі сай келуі

Біздің Ұлы Жеңісіміз  көктем боп,

Көнілдерге  шұғылысын токкен көп....

Сонау жылы  9 мамыр күні

Алмастырған куанышқа қайғыны

Диас

 Жеңем деген ел сөзін!

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір, адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ.

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір нұры жарқырап.

Жәннат

Құтты болсын жеңіс күні ағайын

Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.

Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,

Ата - бабам намыс бермей айқасқан

Жеңіс күнін қарсалайық   бәріміз.

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған

Ардагерлер, ағаларға мың алғыс

Гульден

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Жәннат: Құрметті Ұлы Отан соғысының Ардагерлері! Қасиетті

де ұлы мереке қарсанында Сіздерді жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан 72 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстын соңғы оқтары

атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздін халқымыздың

ерлік үлгісі,  мұқалмас қаржылығы мен

мызғымастығның символы болып келді. Қымбатты Ардагерлер! Сіздер елімздін

ерлігімен абыройы үшін жандарынызды аямай, сол соғысқа шыдамдылықпен қатыса

білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал

енбек еттіңіздер. Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды кабыл

алыңыздар.

  Маржан:

Бүгін  осы мерекеге  орай 

салтанатты түрде республикалық біріңғай балалар және жасөспірімдер бірлістігіне

 мектебіміздің    озат  оқушылары

кіргелі отыр.    

 «Жас ұлан» 

республикалық біріңғай балалар және жасөспірімдер бірлестігіне  салтанатты 

кіру  рәсімін ашық деп

жариялаймыз! 

           Келешек қой

жастарымыз  Отанымның,                                                                         

Алдарыңда ақ қанат –арманы тұр                                                                                                            

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп                                                                                                                                                      

Жас ұланға қуана  кіргелі  отыр.

 

«Жас ұлан» 

қатарына кіретін  оқушыларға

галстук  және  төсбелгі 

табыс ету    рәсімін  бастайық

Ортаға

Республикалық бірыңғай «Жас

Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің

 

АНТЫ

Жүр: Мен, ________________ Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»

балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

 

Біз өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты

болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елімізді , жерімізді, Отанымызды  мақтаныш етуге;

Ата-анамызды 

қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен 

ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз

достарымнан талап етуге ант етеміз.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде

ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант

етеміз!!!!!

Все вместе: АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІ, АНТ ЕТЕМІЗ!

 

Звучит  гимн  «Жас -Ұлан»

Жүр: Біз .... «Жас Ұлан» .

Школьники скандируют: «Жас Ұлан»

ВЕД: ұранымыз: 

Школьники скандируют: «Қазахстан –Нұрсұлтан 

- Жас Ұлан» -3 раза.

1 жүргізуші Біз үшін Жеңіс күнінен асқан

қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен

1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырды, қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

2 жүргізуші:Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете

алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске

алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды

бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

(1 мин үнсіздік)

1 жүргізуші:  Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында біз бүгін

бейбіт өмір, баққытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын

өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын

әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін

мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен жерлестерімізге  гүл шоқтарын қоюға шақырамыз.


2 жүргізуші : Құрметті

ауылдастар! Сіздерді осындай тамаша мереке- Жеңіс күнімен шын жүректен

құттықтаймын!  Баршаңызға мықты

денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке бірлік тілеймін.

Бүгінгі Ұлы Жеңіске 72 жыл

толуына арналған салтанатты митингті жабық

деп жариялаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Жасыл ауылы

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс іс – шара

 

 

 

 

Дайындаған: Тәрбие ісінің

меңгерушісі

Курмангалиева  Г.Ж

5 мамыр 2017 жыл

 

 

 

 

 

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст