Болашақтағы менің мектебім
Мектеп. Адамның ең ыстық
шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Өйткені, мектеп білім береді,ал білім -адамзаттың
сарқылмас қазынасы. Адам тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына
жетеді. Мектеп-даналардың түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар білім
ордасы. Ұлттың рухани байлығы -білімде, ұстанар бағыты -тәрбиесінде,ал осы
білім мен тәрбиенің сарқылмас бұлағының көзі- мектепте. Мен Жасыл
ауылының негізгі мектебінің 8-сыныбында
оқимын. Биылғы оқу жылында мектептің ашылуына жиырма жыл болды.Мектеп менің
екінші үйім. Болашақтағы
мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық! Мен өзімнің қазіргі
мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымда болашақ мектеп қазіргіге
қарағанда өзгеше болады.Онда уақыт қызықты,көңілді әрі тез өтеді. Сабақтан
кейін балалар өздеріне ұнайтын үйірмелер мен секцияларға баратын болады. Сынып
бөлмелері үлкен,ашық.Үзілісте музыкалық бөлмеде караокеден ән айтып,тыңдап,түрлі
аспаптарда ойнап, журналдар қарастырып,теледидар көруге болады.Онда үлкен
аквариум орнатылған. Футзалда оқушылар мини
футбол ойнаушы еді. Сынып бөлмелерінде оқушылардың әрқайсысының алдында
компьютерлер тұрады.Оқушылар жеке-жеке отырады. Оқулықтар электронды түрде
болады.
Интернет жүйесі барлық
кабинеттерге қосылады. Мектеп өте таза, кабинеттер кең болады. Сынып бөлмелерінде де,дәлізде де
көп гүлдер өсіп тұрады.Мектепте гүл оранжереясы,үлкен кітапхана,бассейн,зертханалар
болады.Спортзалда түрлі тренажерлар тұрады.Онда
түрлі сайыстар өтуші еді.Ал мектептің жоғары қабатында арнайы бөлмеде аспан
әлемін зерттейтін құралдар болушы еді.Мектеп есіктері өздері ашылып-жабылып
тұрады.Жоғарғы қабаттарға лифт көтереді.Мектеп ішін роботтар тазалайды. Мектеп
маңында мұз айдыны, теннис корты және жемістер бағы болады.Асханада балаларға
түрлі тәтті де дәмді тағамдар әзірленеді. Ұстаздардың барлығы жоғары
білімді,жоғары санатты. Әрине, бұл менің қиялымдағы мектеп.Жалпы «Болашақтағы
мектепті қалай елестетер едің?» деген сұраққа оқушылар да, ата-аналар
да «әдемі, гүлденген, кең кабинеттері, ауласы, спорт алаңы
бар, техникалық жағынан жабдықталған деген сияқты қиялдағы армандарын
айтады.
Ал біздің мектеп казіргі
таңда әр оқушының осы армандарына қол жеткізуге жағдай жасайды..
Жылдан жылға педагог мамандарының толығуымен, олардың біліктілік
санаттарының жоғарылауымен біздің мектебіміз көпшілік
көңілінен шығатын білім ордасы болатынына сенімдемін.