Текст
Тәуелсіздімізді
нығайту, еліміздің тұрақтылығы мен
орнықты дамуын қамтамасыз ету бағытында атқарылған ауқымды шараларды сөз
еткенде бірінші кезекте мемлекетіміздің ресми орталығын Арқа төсіне көшіру ісі
санамызда жаңғырады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып, жасампаздықпен жүзеге асырылған бұл
игілікті істің нәтижесінде жаңа елорда – Астана ел тәуелсіздігінің басты
нышанына, жалпыұлттық құндылыққа және халықты ынтымаққа, ортақ мүддеге
жұмылдыра білген халықаралық деңгейдегі саяси-экономикалық, рухани –мәдени
орталыққа айналды.