С А У А Т А Ш
У.
Тақырып: Д дыбысы және әрпі.
Мақсаты: 1.Д дыбысы және оның әріп
таңбасымен таныстыра келіп, Д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар
аудару.2.Балалардың тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін, қиялын дамыту. 3.
Дамыту ойындары арқылы еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, кеспе әріптер,
сөзжұмбақ.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы.
І.Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал.
Бәріміз бір топпыз,
Жалқаулыққа
жоқпыз.
Аянбай еңбек етеміз,
Мұратымызға жетеміз.
ІІ. Өткенді пысықтау.
--Балалар, дыбыс дегенім не?
--Дыбыстар қандай топтарға
бөлінеді?
--Әріп дегеніміз не?
--Өткен сабақта қандай дыбыспен
таныстық?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Суреттер көрсетіп, балаларға
атату (доп, домбыра, дәптер, сандық, т.б.) Сурет- терді атап болған соң осы
сөздердегі жаңа дыбысты тапқызу.
--Балалар осы сөзде қандай жаңа
дыбыс естідіңдер?
Д- дауыссыз ұяң дыбыс, көк
текшемен белгілейміз.
Доп, домбыра сөздерін буынға
бөлгізу. Доп сөзіне дыбыстық талдау жасату. Дом-быра сөзімен сөйлем құрастыру.
Сергіту
сәті.
Ал, қанеки
ойнайық,
Ойнайық та,
ойлайық.
Байлап қойып
көзіңді,
Қоршап тұрмыз
айнала.
Атыңды атап
шақырған,
Арамызда қай
бала?
ІV. Қол жаттықтыру.
-Екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біреу ұрлану,
содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол
қолмен
-Барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу
-Ауада саусақпен
былғау
1. Д әрпін ауада, дәптерге жазу.
2. Буындар мен сөздерді оқыту.
3. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Д
дыбысына сөз ойлату.
V. Сөзжұмбақ шешу.
Тігінен : Қазақтың ұлттық
музыкалық аспабы. (домбыра)
Көлденеңнен: 1. сол аяқ пен оң
аяқ, кезек оны тербеді. 2. Басты бұратын. 3. Сан басы. 4. Тамақ құятын. 5. бал
таситын. 6. Қарт.
VІ. Осы сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру.
(Балалардан сұрау)
Доп, домбыра, дәптер, дала (жазық жер, алаңқай), дән
(дәнді дақылдардың бірі), долана, адам.
VІІ. Қорытынды.