"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жасыл отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.04.2017

Қымбатты ата-аналар!

 

Бұл жаднама сіздер

үшін, өйткені сіз – күш көрсетуден, жыныстық зорлық-зомбылықтардан, жыныстық

тиіспеушілікке қарсы қылмыстан жәбірленуінен қорғайтын балаңыздың ең жақын

адамысыз.

 

Балаңызға

мынадай «болмайды!» деген 7 ережені үйретіп қойыңыз.

 

1. Бөгде адаммен көшеде сөйлесуге және танымайтын адамды үйге кіргізуге

болмайды.

2. Танымайтын ер адаммен подъезге, лифтіге бірге кіруге болмайды.

Кез-келген әйел адамның келуін күт.

3.Үлкендерсіз (ата-анаңсыз, мұғаліміңсіз, ересек туысқандарыңсыз) бөгде

машинаға отыруға болмайды.

4.Танымайтын адамнан сыйлық алуға, танымайтын адамның үйіне немесе

басқа да бір шақырған жерге баруға болмайды.

5. Далада көп уақыт,  әсіресе түн

қараңғылығында жүруге болмайды.

6. Егер үйде үлкен адамдар жоқ болса, пәтердің есігін ешкімге ашуға

болмайды. (танымайтын адам су сұрауы мүмкін,телефон шалайын деп едім, немесе

ата-анаңа хат жазып қалдырайын деп едім, құжат тастап кететін едім десе де

ашпа)

7. «Тәуекел топ» адамдарымен байланыс жасауға болмайды. (маскүнемдер,

ішкіштер, нашақорлар, сотталғандар), ол сіздің подъезіңізде тұратын көршіңіз

болса да,алыс туысқаныңыз болса да.

 

Ата-ана!

Балаңызға тағы да ескертіп қойыңыз!

Осындай қауіпті жағдайда өзін осылай ұстауға балаңыз ұялмасын, қайта

осы ережелерді міндетті түрде сақтап жүрсін!

Балаңызды

«Жоқ!» деп жауап беруге үйретіңіз!

1.Егер біреу қонаққа шақырса, немесе үйіңе жеткізіп салайын десе, тіпті

ол көршіңіз болса да «жоқ» деп айтыңыз.

2.Егер сізді мектептен, бақшадан алып кетуге бөтен адам келсе,

ата-анаңыз мұны алдын ала ескертпесе, «жоқ!» деп айтыңыз.

3. Егер ата-анаңыз үйде жоқ болып, танымайтын немесе аз танитын адам

келіп үйге кіргіз десе, «жоқ» деңіз.

4. Егер бөтен адам сізбен танысу мақсатымен, бірге уақыт өткізу

мақсатымен жейтін, ішетін бір нәрсе ұсынса, «жоқ» деңіз.

5. Егер танымайтын адам қандай да бір көшені көрсетіп жібер десе,немесе

сөмкесін көтерісіп жіберуін өтінсе, дүкенге дейін жеткізіп салуын өтінсе, «жоқ»

деңіз!

Балаңыз

мынадай фразаларды жаттап алсын.

1.     

Рахмет, маған ата-анам

танымайтын үйге қонаққа баруыма тыйым салды.

2.     

Кешіріңіз, мен ешқайда

бармаймын.

3.     

Менен аулақ кетіңіз,

әйтпесе мен айқайлаймын

 

Просмотров: 304

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст